Құрметті ата-аналар, Нұресіл ауылының тұрғындары!
Елімізде жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіледі, оның мақсаты аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушыларын оқу жылының басталуына дайындыққа қолдау көрсету және 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады.
Аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылардың мәселелеріне бейжай қарамайтын жеке кәсіпкерлерді және барша тұрғындарды осы акцияға белсене қатысуға шақырамыз. Ауылымыздағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, ата-анасыз қалған балаларды мектепке дайындауға бірге көмектесейік.
Белгілі бір балаға қайырымдылық көмек көрсетемін деушілер 8(71651) 96438 телефоны арқылы ақпарат алуға болады.
Барлық балаларға мектепке жол табуға көмектесейік!