"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Ақмола облысы Білім басқармасы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Нұресіл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ қызметі туралы есебі

1.Жалпы ережелер:

1.Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Нұресіл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ;

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылы, Степанов көшесі 10

 2. Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер:

Нұресіл ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау. 2022 жылы көрсетілген қызмет – 54.

-соның ішінде электронды түрде -  33 қызмет;

-қағаз түрінде - 21 қызмет.

2. Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау. 2022 жылы көрсетілген қызмет –1

-соның ішінде электронды түрде -  0 қызмет;

-қағаз түрінде - 1 қызмет.

3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру. 2022 жылы көрсетілген қызмет – 1;

-соның ішінде электронды түрде -  1 қызмет;

-қағаз түрінде - 0 қызмет.

4. Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 26;

 -соның ішінде электронды түрде - 26 қызмет;

-қағаз түрінде - 0 қызмет.

2021жылы - 102 қызмет көрсетілді;

Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет – 76 қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 26 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

 

 

3. Сұранысқа ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"- 26

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" – 54

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Нұресіл ауылының жалпы білім беретін мектебінің ресми интернет ресурсында   http://sc0023.celinograd.aqmoedu.kz  "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2022 жылға Нұресіл  жалпы орта білім беретін мектебінде ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және жылдамдату нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 жеделдетілген мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР БҒМ ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді, онда қолжетімді 3 мемлекеттік қызмет бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген қызметкерлер көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында барлық бақылау іс-шаралары ҚР заңнамасын сақтай отырып, мерзімінде орындалады.

    2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Нұресіл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

 

 

Мектеп директоры:                                        Конкыбаева А.О.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 07.02.2023 12:40
Құрылған күні: 23.02.2023 15:58

Текст