Текст
2025 жылдың 17 қазанында «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы КММ «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің жылдық жоспарына сәйкес 10-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті. Бұл олимпиаданың мектепшілік кезеңіне Нұресіл ауылының ЖОББМ-нен 10-сыныптардан 4 оқушы , 11-сыныптардан 1 оқушы қатысты.
Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде оқушылар жоғары нәтижеге ие болып, 10 сыныптардан 4 оқушы, 11 сыныптардан 1 оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне ұсынылды.
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары: Кокенова Х.С.