"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану -математика әдістеме бірлестігі онкүндігінің өткізілуі туралы

08.02.2017

23 қаңтардан  02 ақпан аралығында  жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің он күндігі өтті. Алғашқы күні әдістеме бірлестігінің ашылу жиыны және  қабырға газеті безендірілді. Қабырға газетінде математика, биология, химия, физика, информатика және география пәндерінен әр түрлі логикалық, сондай ақ қызықты

тапсырмалар ілінді.

 Сонымен қатар  онкүндікте құрылған жоспар бойынша әдістеме бірлестігінің мұғалімдері ашық сабақтар және сабақтан тыс сабақтар  (ойындар, жарыстар) өткізді. Ашық сабақ беру барысында мұғалімдер оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерін қолдана отырып жоғары деңгейде сабақ берді. Және сабақтан тыс сабақтар  қызықты өткізіліп, оған оқушылар белсене

қатысты. Онкүндіктің соңғы күндері барлық қатысқан сыныптар және белсенді қатысқан оқушылар мектепішілік жиынында мақтау қағаздарымен марапатталды. Әдістеме бірлестігінің онкүндігі жоғары деңгейде өтті.

 

                                             

ӘБ жетекшісі       Хибадат А

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст