"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Воздвиженка ауылы №48 орта мектебі бойынша 2016-2017 оқу жылы бойынша тілдер онкүндігінде жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат

08.02.2017

Воздвиженка ауылы №48 орта мектебінде тілдер онкүндігіне орай әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Байкал А. мұғалімдерді онкүндікке байланысты өткізілетін іс- шаралардың жұмыс жоспарымен

таныстырды. Қоғамдық- гуманитарлық бағытта жұмыс істейтін тіл мамандары осы жоспар бойынша түрлі іс-шаралар өткізді.

 8-сынып оқушыларына  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру  мақсатында Аушахманова Ш.Н. «Әлем таныған

Әуезов » сынып сағаты, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сыздыкова М.О. «Алғырлар мен тапқырлар»  сайыс 7 «Б» сыныбына, Мащанова Г. «Тіл- ұлт қазынасы»  атты  сынып сағатын өткізді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың үш тілдін тұжырымдамасын жүзеге асыру  мақсатында атқарылған жұмыстың негізінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Косубаева Б.Т. «Independence Day»  9-сыныпқа, Байкал А. «The World of English» интеллектуалдық ойын 6- сыныптар арасында жүргізді. Тойжанова М.Н. «Magic English»

    Оқушылардың орыс тілінде сөйлеу деңгейін көтеру мақсатында Исенгужинова Н.А. ,Такенова А.С. «Лингвистический тургир» сынып сағатын 8-9сыныптар арасында өткізсе, Кульжанова С.Х. «Веселая лингвистика»     сайысын 6-7 сыныптарға өткізді. Бакибаева М.А. «Веселая грамматика» 3-4 сыныптарға өткізді.

Тілдер күніне арналған әр түрлі сайыс жұмыстар барысында 6, 7, 8, 9 сынып оқушылары белсенділік танытты.

Онкүндікке байланысты өткізілген барлық іс-шаралар қызықты да тартымды өтті. Әкімшілік тарапынан және басқа қатысқан ұстаздар тарапынан жақсы бағаға ие болды. Белсенділік көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

                              

Әдістеме бірлестігінің жетекшісі:                Байкал А.

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст