"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информатика пәнінен ашық сабақ

10.02.2017

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер.  Бағандар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға беттерді бағандарға бөлуді, бетке жиек қоюды, мәтінді маркерленген  және нөмірленген тізімдермен жазуды, беттерді бояуды, жақтаулармен жазуды үйрету

Дамытушылық: оқушыларды MS Word бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық

қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  ДК, бейнепроектор, үлестірмелі карточкалар,    жауап парағы, презентация

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. «Білгенге маржан» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру)

ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)

IV. «Өзіңді тексер»  аялдамасы(жаңа сабақты бекіту)

V. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті)

VІ. Сабақты қорындылау

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу

ІІ. «Білгенге маржан» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру)

 

 Сәйкестендіру тесті:

 1. MS Word редакторын іске қосу жолы

А. Мәтінді курсивпен жазады

2. Құжатты сақтау командасы

В. Файл – Создать (Құру)

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

С. Пуск – Все программы – Microsoft

Office – Microsoft Word

4. Жаңа құжат құру командасы

D. <Enter> пернесі

5. Мәтінді редакциялау деген не?

E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)

6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою

7.  - батырмасының қызметі қандай?

G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

Оқушыларға жауап парақтарын тарату,

оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.

Жауабы:

1 – С

2 – Е

3 – Ғ

4 – В

5 – G

6 – D

7 –А

ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа

сабақ)

Нөмірленген және маркерленген тізімдер,

Бағандар.

Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.

Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады. Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.

Мәтінді бағандарға бөлу – сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш)

жалаушасын көтереміз. Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.

Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы – Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп,

қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.

IV. «Өзіңді тексер»  аялдамасы(жаңа сабақты бекіту)

1-тапсырма Үлестірмелі карточкалармен жұмыс

Тапсырма:

1)  «Қыс» тақырыбына Paint бағдарламасында шағын сурет салу

2)  Салынған суретті толығымен бояу

3)   Суретті  Қыс  деген атаумен  сақта

4)   Қыс тақырыбына салынған сурет Word бағдарламасына көшір

5)   Суреттегі  салынған бейнелерді нөмерленген тізіммен қолданған түстерді таңбаланған тізіммен жаз

6)   Тізімдерді көшіріп көбейту әдісімен  баған түрінде екіге бөлініп жаз

Сөздердің шрифтері 14- қарпінде және бірінші баған қою(Ж), екінші баған курсивті көлбеу(К) түрде жазылу керек.

7)   Жұмыс «Сәтті жұмыс» атауымен сақта

8)   Жасаған жұмысыңды интерактивтік тақтада қорға.

9)   Әрбір жасаған жұмыстарың үшін бағалау парақшасына өз бағаңды есептеп, мұғалімге өткіз.

10) Жалпы абақтытүсінгенің бойынша түсті белгішені көтер.

  V. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті)

Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек.

VІ. Сабақты қорындылау

Үйге тапсырма беру:   118, 127- беттегі  тест тапсырманы орындау.

Оқушыларды бағалау:         Оқушылар алдарына берілген бағалау парақшасына өз өздерін бағалайды.

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст