"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Салауатты өмір салты

11.02.2017

Сабақтың тақырыбы:        Темекі шегу, ішімдік ішудіің зияндығы

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету

2. Оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту.

3. Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Біз жағымсыз әдетке қарсымыз», «Салауатты өмірді қолдаймыз» сурет көрмесі, сұрақ жасырылған қоржын.

І. Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызып аламын. Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа

дайындығын тексеріп, жаңа сабақты бастаймыз Мұғалім: Ал, балалар жаңа сабақ бастамас бұрын орындарымыздан тұрып бір - бірімізге сәттілік тілейік.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық халыққа жолдаған жолдауда «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.

1 - бағыт - «темекі шегуді тоқтату»

2 - бағыт - «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3 - бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

Осы үш бағытты ұстанған жағдайда салауатты өмір қалыптасады. Денсаулық - біздің емес, мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы

«Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған.

1-оқушы: Ақбота: Зиянды әдеттер: темекі тарту, ішімдік ішу, улы заттарды иіскеу, есірткі тарту. Бұл әдеттердің барлығы да адам өміріне өте зиян келтіреді. Бұл заттар организмді біртіндеп улайды.Темекіні алғаш ұстағанда, темекіні тартқанда адам жөтеледі, түтін шығады, қақалады. Ағзамызды қинаймыз.

2-оқушы: Наргиз: Темекіні жас кезінен тартқан бала ұмытшақ, беті сарғыш тартады, тісі сарғаяды, ұрысқақ, ашуланшақ болады. Дауысы өзгереді, ойлау қабілеті төмендейді, темекі қатерлі ісік, асқазан жарасы, қан тамырларының тарылуы сияқты ауруларға әкеп соқтырады.

3-оқушы: Жансая: Темекі ауыз қуысы,жұтқыншақ, өңеш ауруларынан болатын жаман ауруға өкпенің қатерлі ісігіне

шалдықтырады. Жағымсыз әдеттердің бірі маскүнемдік. Емделуі қиын ұзаққа созылатын ауру. Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр, бүйрек ауруы және жүйке жолы ауруларына шалдықтырады. Есірткі заттарды, токсикомания яғни, уландырғыш заттарды пайдаланудан бас жиі ауырады, ми зақымданады, құсқысы келеді, бойы өспейді, әр түрлі ауруларға шалдығады.

         Мұғалім: Ал, балалар осы естіген ақпараттардан қандай шешім қабылдауға болады?

1. Бұл аурулардан қалай сақтануға болады?

2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

3. Жаман әдетке үйір болмай өмір сүру мүмкін бе?

Оқушылар пікірі тыңдалады.

       Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақ келді. Ол қонағымыз – медбике Арай апайларын. Медбике сендердің түсінгендеріңді тексере отырып, сендерге бір тапсырмамен келіпті. Бұл тапсырмада жағымсыз әдеттерден адам ағзасында қандай аурулар пайда болатынын айтуды сұрап отыр. Оқушылар плакатқа кесте түрінде сызып, қорғайды.

     Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Бұл тапсырма өте жақсы орындалды. Медбике апайларың сендерге өте риза болып кетті.

         Сергіту сәті. Ал, енді балалар, бізге «5 сыныптың оқушылары қалай оқиды екен, өз денсаулықтарын қалай

нығайтады, салауатты өмір салтын ұстана ма, жоқ па» - деген ниетпен мына сұрақтарға жауап берейік. Екі топтың оқушыларының барлығы қатыса алады. Соңында қай топ оқушылары көбірек  жауап бергені есепке алынады. Сөйтіп ең көп жауап берген топ өз топ мүшелерін салауатты өмір салтына шақыра алады.

1.Бензин, ацетон, клей, улағыш заттарды иіскейтін адамды қалай атайды?

2.Арақ, сыра, шарап ішетін адамды қалай атайды?

3.Қандай жағымсыз әдеттен өкпеде қатерлі ісік пайда болады?

4.Есірткіні қабылдайтын адамды қалай атайды?

5.Осы зиянды заттар барлығы қандай заттар?

6.Осы заттан қан тарылуы, бас ауру сияқты аурулары пайда бола ма?

        Мұғалім: Барлығы дұрыс балалар, жарайсыңдар! Сендерді жағымсыз әдеттерден аулақ болуға, дене шынықтырумен айналысуға шақырамын. «Біз жағымсыз әдетке қарсымыз», «Салауатты өмірді

қолдаймыз» сурет көрмесімен жұмыс.

Қорытындылау.

        Мұғалім: Ал, балалар бүгінгі сабақты қалай түсіндіңдер, соны байқайық. Екі топ бір біріне қарама – қарсы

сұрақтарды қоржынға жасырып, жауап береді.
        Ал, құрметті оқушылар осы зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық деген ниетпен, өзіміздің сыныптың оқушылары бата береді.

Бәрі бірге:

Бүгініміз бар жарқын,

Ертеңіміз бар айқын,

Асырайық бірге

Салауаттылықтың даңқын

Мұғалім: Бүгінгі сабаққа бар ықылас ниеттеріңмен қатысқандарыңа рахмет!

қатысқандарыңа көп рахмет!

Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст