"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы күні

12.02.2017

Тақырыбы:       Отбасы күні       

Мақсаты:           а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Барысы: 1. Шаттық шеңбері

Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі құдіреттілерінің бірі - күй тыңдауға

шақырамын.
2. Ойланайық, пікірлесейік «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу

• «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген

ұғымдарды қалай түсінесіз?

• Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?

3 Дәйексөз

Үйлену дегеніміз - өз құқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз. (Артур Шопенгауэр)
4. Жаңа ақпарат

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс –тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
         

«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

5. Бейнематериал көрсету

6.Шығармашылық жұмыс
а) Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу
б) «Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс)

Құндылық құнын ұғындар

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________

Ең қымбатты _____________________________________________

Ең ақылды _______________________________________________

Ең сүйкімді ______________________________________________

Ең құрметті ______________________________________________

Ең құнды ________________________________________________

Ең бағалы ________________________________________________

Ең қажетті _______________________________________________

7. «Менің ойымша…….» немесе «Мен ойлаймын…….» айдарында.
8.«Бақытты отбасы модулін» салу.
9. Үйге тапсырма

1. Өтілген мәтіндерді басшылыққа ала отырып

отбасын құру үшін өзіңізге қоятын талаптар тізбесін жасап келіңіздер.
2. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер

10. Жүректен-жүрекке «Ұрпаққа өсиет» әнін айтқызып аяқтау  

«Отбасы»

 сөзіне ассоциация құрыңдар.

Құндылық құнын ұғындар:

Отбасымда ең сыйлы ____________________________

Ең қымбатты ___________________________________

Ең ақылды ____________________________________

Ең сүйкімді ____________________________________

Ең құрметті ____________________________________

Ең құнды ______________________________________

Ең бағалы ______________________________________

Ең қажетті _____________________________________

 

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст