"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы

12.02.2017

Тақырыбы:                Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы.

Мақсаты:                   Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін   қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:           Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі:                          Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:

I-кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру

II-кезең: Оқушылардың "Адамгершілік" жайлы түсінігі

III-кезең: Саяхатқа шығу ойыны

IV-кезең: 

Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

V-кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)

Кіріспе сөз. 

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны

әлдеқашан дәлелденген. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, – деп жазды В.А. Сухомлинский, – бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді». Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынанадамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді. Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын

білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы неде?

1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3-оқушы. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді

сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті. Адам қандай жоғары

лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

 Мұғалім. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық.

Елімізде үлкен қалалар бар: Астана, Алматы,Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған

жауап беру керек.

Сұрақтар:

–    Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 

–    Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

–    Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

–    Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

–    Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

–    Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

–    Асықпай түсіндіріп беремін.

–    Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

–    Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

–    Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

–    Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

–    Әдептілік деген не?

–    Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен. Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау,

кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн. Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

8-оқушы. Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек. Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі

туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке

жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

9-оқушы. Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала

күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайысына кезек береміз.

Ортаға алғашқы қонағымызды шақырамыз. Оның пікірінше, «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз» дейді. Қарсы алыңыздар ортада Мухамедгалиева Наргиз.

1.    Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2.    Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3.    Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

Ортаға екінші қонағымызды шақырсақ, оның пікірінше «Адамгершілік қасиеттер адам бойынан

алшақтап бара жатқан сияқты». Қарсы алайық, өз пікірін ортаға салушы – Елеусиз Ақбота.  

1. Бұлай ойлауыңның себебі неде?

2. Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

 

Үшінші қонағымыздың пікірін ортаға салайық, ол «Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек» дейді. Қарсы алайық, ортада –Серикбаев Ислам.

1.    Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

2.    Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?

3.    Адам адамнан несімен ерекшеленеде?

Келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Адамға үш алуан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан,

құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады » деген

пікірде. Ортада –Сейтқан Үсен.

1.   Өз пікіріңізді ортаға сала отырсаңыз.

2.   «Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар»

дегеннен нені байқауға болады?

3.  «Сөйлесе сөз әдепті» дегенді қалай түсінесіз?

Сарапшы қонақтарға сөз кезегі берілді.

«Адамгершілік»  тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:

1.    Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2.    Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3.    Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4.    Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5.    Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6.    Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7.    Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8.   Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9.   Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).

10.  Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11.  Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

Жалпы сабақты қорытындылау үшін сарапшыларға сөз берейік. Оқу ісінің меңгерушісі: Кулжанова Салтанат Хамитқызы, Тәрбие ісінің меңгерушісі Худайбергенова Гулим Эштемировна.

Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларға мұғалімдерге көптен көп рахмет!

Просмотров: 778


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст