"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні онкүндігінің өткізілуі туралы ақпарат

13.02.2017

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

атты өзін-өзі тану пәні онкүндігінің  өткізілуі туралы ақпарат

Воздвиженка ауылы №48 орта мектебінде  02 –ақпаннан 13- ақпан аралығында  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәні онкүндігі  өткізілді.

Мақсаты: онкүндік тақырыбымен қызықтыру, жақсы көңіл күй қалыптастыру, онкүндіктің өткізілуіне белсене ат салысуға шақыру.

Міндеттері:

1.     Өзін-өзі тану пәні туралы білімдерін арттыру, оның негізгі құндылықтар:махаббат, қуаныш,  сенім,

қайырымдылықтың  адам өміріндегі алар орны мен рөлін айқындау;

2.     онкүндікті С.А.Назарбаеваның туған күніне орайластыру;

3.     өмірге оң көзқарас қалыптастырып, шығармашылықта, жағымды рухта өмір сүруге үйрету;

4.     қоршаған орта, әлемге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен, қайырымдылықпен қарауға тәрбиелеу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазіргі таңда біз әрбір адамның ар-ожданы мен абыройын, атақ-даңқын, мерейін бағалайтын, рухани құндылықтар мен әдептілік стандарттарын, жоғары өнегелік пен имандылықты қоштайтын қоғам құруымыз керек».

«Өзін-өзі тану курсы адамның өзін –өзі тануына, өзін өзгертпей өзін –өзі ашуына, өзінің адами құндылықтарын сақтап, толық мағынада әрқашан адам болып қалуына көмектеседі»,-деп айтты, осы жобаның авторы С.А.Назарбаева. Осы онкүндікте  өткізілмекші барлық іс-шаралар алдын –ала жоспарланып, директормен бекітілді.

Онкүндіктің өткізілуі барысында  1-10 сынып оқушылары арасында  ана, мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы «Адам болып өтейік», «Бәрінің бастауы-махаббат!» тақырыптарында балалардың шығармашылық  жұмыстар (суреттер, ашық хаттар, қолөнер туындылары) көрмесі ұйымдастырылды.

   Мектеп кітапханашысы Жусупова У.К. кітапханада  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен іс-әрекеті туралы «Мейірім төгетін ана» атты  кітап көрмесін дайындады.

Сондай-ақ 5-9 сынып оқушылар арасында С.С.Чумак пен Г.К.Дюсембаеваның ұйымдастыруымен «Алтын жүрек анамыз», «Сердце наполненной любовью» атты мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді, белгілі ақындар өлеңдерімен бірге

оқушылардың  өздері шығарған өлеңдері де  оқылды.

«Ән – көңілдің ажары» атты Г.М.Ауганбаева өткізген ән фестивалінде  «Атамекен», «Әрқашан күн сөнбесін»,  «Алтын әже», «Песенка о хорошем настроении»,  «Песенка друзей»,  «Арман», «Пусть всегда будет солнце» атты әндер айтылды.

4 «а» сынып жетекшісі Шари Жарыктың басшылығымен ұйымдастырылған 1-4 сынып оқушылары арасындағы сахналандырылған қойылымдар келген көрермендер көңілінен шықты. Онда 3 «ә» сынып оқушылары  «Байлық, бақыт, ақыл»,  «Дос болайық бәріміз»,  3 «а» сынып оқушылары «Алғыс»,  4 «а» сынып оқушылары «Табиғат»,  «Тілім – менің тірегім» тақырыптарында сахналық қойылымдарын көрсетті.  Олардың актерлік шеберліктерін шыңдайтын осынау көрініс қою идеясы сәтті болды.

   Сыныптан тыс жоспарланған іс-шаралар қатарында өзін-өзі тану әдістемелік пән бірлестік мұғалімдері мектептің 5-10 сынып оқушыларына «Что такое счастье?», «Доброта – это …» , «Мейірімді жүрекпен» атты

бейнероликтер көрсетті.

           Өзін – өзі тану пәні бойынша «Адам еңбекпен шыңдалады», «Мейірімділік-асыл қасиет»,  «Өнеге

отбасынан»,  «Доброта – солнце, согревающее сердце человека»,  «Утро радостных встреч»,«Біз бақытты баламыз!»(Чумак С.С., Ауганбаева Г.М., Калемшарав Г., Дюсембаева Г.К., Шари Ж)  тақырыптарында ашық сабақтар берді.

Сабақтың қорытындылары бойынша, біздің мейірімді адамдар ортасында болғанымыз өте жақсы,

ол үшін біздің өзіміз де мейірімді болуымыз керек. Сабақ соңында барлық сыныптар мейірімділік ережесін түзіп, соны үнемі қолданып, шын мәнінде мейірімді болу шарттарын қарастырды.

1.    Адамдарға көмектесу

2.     Әлсізді қорғау

3.    Досыңмен  барыңмен бөлісу

4.    Қызғанбау

5.    Басқаның қателігін кешіре білу

6.    Мейірімділік адам жанын рухтандырып, моральды қалыптасуына көмектеседі.

7.    Сыпайылық пен мейірімділік – біздің басты достарымыз!

    «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің  қорытындысы балаларды ұжымдық жұмыс істей білуіне, бала мен жалпы мектептік ұжымның бірігуіне, жалпы эмоционалды көңілдерін көтеруге, балалардың өзіндік бағалауын дамыту, сөз бен істе мейірімділік көрсетуге тырысу, қоршаған ортаға мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеуге үйретті.

    Онкүндікті қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік жиында белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

                Жалпы айтқанда, онкүндік сәтті өтті деп айтуға болады.

 

 

ӘБ жетекшісі:              Дюсембаева Г.К.

 

 

 

 

 

Просмотров: 523


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст