"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін өзі тану пәнінен ашық сабақ

13.02.2017

Өзін өзі тану пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: Махаббат пен шығармашылық

Мақсаты:  Оқушылардың отанға деген табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту, айналасына қамқор болуға үйрену, басқаға алғысын ризашылығын шын көңілімен білдіруге тәрбиелеу

Көрнекілігі: плакат суреттер, нақыл сөздер,

Барысы:   Ұйымдастыру

Балалар біздің жан дүниеміз  жақсылыққа,  мейірімділікке,  қуанышқа толы. Біз өзіміздің отанымызды , туған жерімізді,  табиғатымызды,  ата анамызды барлық адамдарды  құрметтеп сыйлаймыз, аялаймыз сүйеміз.

Енді біз өзіміздің жақсы тілек сөздерді мына күннің шашып тұрған шуақтарына жазып ілейік. Барлығымыздын жақсы ой тілегіміз барлық табиғат жер жүзіне күн шуағымен тарасын. Балалар күннің шуақтарына өз дерінің жылы лебіз сөздерін жазады. Жазған сөздерін оқын күнге жапсырады.

Балалар өздері білетін өлең тақпақтарын айтады. Біздің бүгінгі сабағымыз тек қана сахналық қойылымдар көрсету арқылы жүргізіледі. Енді балалар әрбір сынып бүгінгі тақырыпқа сай өзінше дайындаған сахналық қойылымдарын әзірледі. Алдымен 4-сынып  «Тілім менің

тірегім» тақырыбында.

Қатысушылар: патша уәзірімен, мұғалім және оқушылар.

Балалар бұл қойылымнан не түйдіңдер?

Балалар өз жауаптарын айтады.

Олай болса балалар біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі . Ана тілін сүю құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.  Ана тіл туралы кім қандай өлең тақпақ біледі? Өздері білетін өлеңдерін айтады.

Келесі  3 Ә сыныбы оқушылары  «Байлық, бақыт, ақыл» ертегісінен сахналық қойылым көрсетеді.

Бұл ертегі қойылымда не түсіндіңдер?

Ақылды болу үшін  не қажет деп ойлайсыңдар? Балалар өз ойларын айтады.

Келесі  3А сыныбының «Алғыс»  туралы сахналық қойылымын тамашалайық. 

Адамдар қандай жағдайда алғыс айтады деп ойлайсыңдар? Бала не үшін барлығына алғыс айтты?

Келесі  4А сыныбы табиғат туралы не айтады?

Балалар табиғатқа қандай тілек айтар едіндер?

Саялы ағаштар жайқалып өссін деймін.

Күніміз жайнап аспанымыз ашық болсын деймін . судың тап таза тұрғанын тілеймін.

Келесі 3 Ә сыныбының « Дос болайық бәріміз» тақырыбындағы «Саңырауқұлақтың саясы» сахналық

қойылымын тамашалайық .

Біздің бүгінгі көрген көрінісіміздің барлығы махаббатқа толы.   Бүгінгі сабақтан әсерлерің қандай?

Жүректен жүрекке. Балалар бір біріне қандай тілек айтар едіңдер?

Балалар тілектерін айтады.

 Сабақты қорытындылап аяқтау.

Пән мұғалімі: Шари Ж.

Просмотров: 385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст