"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көксерек» әңгімесі

16.02.2017

Әдебиет 7-сынып    

 

  Сабақтың тақырыбы: «Көксерек» әңгімесі, жазушының ой  - түйіні.

 Мақсаты: әңгімедегі жазушының айтпақ ойын өмірмен байланыстыра түсіндіру, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашуда проблемалық ой туғызу арқылы көркем туындының ерекшелігіне назар аударту.

 2) Жануарлар әлемі табиғаттың сәні, адам тіршілігінің бастауы екенін ұғынуға, адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу,

табиғаттың тылсым сырларын танып өсуге ұмтылдыру.

 3) Ізденімпаздылыққа баулу, әдебиетке деген құлшыныстарын қалыптастыру.

 Сабақтың түрі: білім, іскерлік пен дағдыны жинақтау сабағы .

 Әдіс – тәсілдері: іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікірталасу.

 Көрнекілік: компьютер, М.Әуезов портреті, қасқыр суреті, Қ.Уәлиевтің суреті.

                              

Сабақтың барысы:

 І Ұйымдастыру

 ІІ Ой қозғау, М.Әуезов кім?

 Дәлелді ойлар айту керек.

                                     

Слайд.

Біз үшін Абай қандай болса, Мұхтар да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың

абыройлы борышы.

  Дінмұхаммед Қонаев

Слайд

1948 жылы 8 қыркүйек

Мұхтар Әуезов филология факультетінің 3 курс студенттеріне қазақ әдебиетінің тарихынан

дәріс берді.             

Слайд

М.Әуезов – драматург

М.Әуезов пьессалары бойынша әр жылдарда қойылған

спектакльдер.

М.Әуезовтің әңгімесінің желісі бойынша қырғыз режиссері Төлеміш Өкеев

түсірген "Көксерек" фильмі.

Құрмаштың ролін ойнаған – Қамбар Уалиев. (Бір оқушы Қ.Уәлиев туралы баяндап

береді).

Үй жұмысын тексеру.

Екі оқушы «Мұхтар аға» өлеңін

жатқа оқиды.

 Мағынаны ашу:

 Көксерек деген не? (қасқыр)

 Қасқыр деген не?

-        Қасқыр табиғаттың тағысы, қатал, ызалы, долы,басты мақсаты – тән азығын табу.

-        Адам қандай?

-      Адам - саналы тіршілік, өмірді сүйеді мейірімді, қамқор, кешірімді , ұрпақ өсіреді

өмірін жалғастырады. 

       

Ізгілік кестесі

Дж.Лондон 

«Ақ азу»

Қасқыр психологиясы              М. Әуезов  «Көксерек»

                              Ш.Айтматов

«Жан пида»

                               О.Сүлейменов «Волчата»

Адам мен табиғат арасындағы бірлік тұтастығы

О.Сулейменов «Волчата» өлеңінен үзінді . Бұл үзіндіден қатыгездікке қатыгездікпен жауап деген ойға келесің

Демек, табиғаттың өз заңдылығы бар,оны түсіну керек

  «Көксерек» әңгімесіндегі Көксеректің биологиялық өсуі

1.Көзін ауылға келгеннен кейін екі күннен соң ашты

2.Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң мойнына жіп тағылды.

3.Жаз ортасында үлкейді.

4.Зіңгіттей көк шолақ болып шықты

5.Көксерек – арлан

6.Аш болғанда бірінші рет ұлыды.

7.Көкжал болды

 

1.  Талдау сұрақтары

«Тағылар ұрпақ қамында»

-        Қасқырлар тіршілігі қалай суреттелген?

-        Арлан қасқыр мен қаншық іс – әрекетін баянда

«Табиғатқа шабуыл»

-        Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады?

-        Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсың?

-        Адамдардың іс – әрекеті дұрыс па?

-        Ауыл иттерінен Көксерек қандай зәбір көрді?

-        Оның себебі не?

-        Неге Көксерек адамдар арасына үйреніп кете алмады?

-        Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

«Құтырған Көксерек»

-        Құрмаш Көксерекке қалай тап болды?(оқушылар өздері әңгімелеп береді)

-        Ауыл адамдары ала алмаған Көксеректі Аққасқаның жеңу

себебі не?

-        Өзің сонша бағып мәпелеген Құрмашты танымай, Көксеректің

жауыздық істеген себебін қалай түсіндірер едің?

-        Оқушының жауабы: - сол адамдардан көрген жәбір-жапасы.

-        Бәлкім, қасқыр інін бұзып, табиғат заңына қарсы келген адамдардың

тағылығы деп ойлаймын.

Мұғалім:

- Міне, көрдіңдер ме, балалар, әр

жазушы көркем шығарма жазу үшін өзінің көрген-түйгенін ой елегенен өткізіп,соны

шығармасына арқау етеді.Сөйтіп, тақырып таңдайды.Сонда тақырып деген не?...

Себебі

Дәлел

Жазушының ойы

Соңында Көксеректің Құрмашты

мерт ету сәті арқылы жазушы немересінен айрылған әженің үлкен қайғысын

көрсетеді

Мұндай қайғылы оқиғаны көру

кім үшін болса да өте ауыр.Сондықтан әжесінің ыза,өкініш, наласымен қатар түз

тағысына айтылған қарғысын естиміз

Кемпір қарғысы арқылы жазушы

озбырлыққа, қаталдыққа қарғыс айтады.Жер бетіндегі адамдарға табиғат

тыныштығын бей – берекет бұзбауға,табиғаттың заңына қарсы келмеуді,қоршаған

ортаны қорғай білуді аманат етеді.

      

Дебат

"Жақтаушылар" тобының

резолюциясы:

Адам - ең саналы тіршілік иесі

Барлығы да адамға бағыну керек

Дәлелдері: Қасқырды қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды, бөрілігін істейді

Малға да, адам өміріне де қауіпті

  Даттаушылардың контррезолюциясы:

Қасқыр да табиғаттың бір

бөлшегі

Табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің бірдей өмір сүру

құқы бар

 

Дәлелдері:Қасқырды асырауға

болмайды, себебі ,ол – табиғаттың тағысы

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына

Қорытынды .

-        «Көксерек»  әңгімесі қалай аяқталушы еді?

-        Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.

-        Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен жазушының әңгімені аяқтауында не себеп бар?

-        Бұл кемпір қарғысы арқылы Әуезов жауыздыққа қаталдыққа, қарғыс айтты.

 Қоғамдағы ең саналы,биік тұлға адам.Барлығы адам игілігі, адам өмірі үшін жаратылған.Табиғаттағы әр нәрсеге

мейіріммен қарау керек.

 Жазушының айтпақ ойы не?

-        Адамдардың сол қасқырлардан да қатал тағы екенін көрсетеді. 

 Бағалау.

 Үйге тапсырма.  

Просмотров: 1689


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст