"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тіл тағылымы" танымдық конференция.

16.02.2017

"Тіл тағылымы" танымдық конференция.

Мақсаты:

Қазақтың рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерімен тереңірек таныстыру. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,жас ұрпаққа ана

тіліміздің қадір – қасиетін дарыту,қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Жаңа заман талабына сай жан – жақты, білімді де жігерлі тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: газет,бүктемелер, слайд.

Барысы

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тілдер мерекесіне арналған

"Тіл тағылымы" атты танымдық конференцияны бастаймыз.

Адамдық диханшысы қырға шықтым

Көлі жоқ, көгалы жоқ қорға шықтым

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім

                                 Көңілін көтеруге құл халықтың,- деп жырлаған қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндаманы 9 – сынып оқушысы  баяндайды. "Алаштың ардақты Ахаңы" баяндама оқылды.

Мұғалім: Қазақ халқының 20 – ғасырдың басындағы ұлт – азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімінің негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы А.Байтұрсыновтың өмірі мен өнегесі жайлы "Ұрпаққа аманат"

атты  деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз.

Деректі фильм көрсетіледі. Баяндама "Тіл тағылымы"

Баяндама барысында 11 слайд көрсетілді.

Мұғалім:

Сүйемін туған тілім – ана тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім

Шыр етіп, жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Баяндама:  "Тіл -  тарихи құндылық"

Баяндама барысында слайд көрсетілді

Әрі қарай М.Жұмабаевтің "Қазақ тілі" өлеңі мен М.Шахановтың "Төрт

ана" өлеңі  оқылды.  

Оқушы:  Ерлік, елдік, қайрат,бақ – ардың

        Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың .

  Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

   Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың

    Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кең тілім

              Таза терең, өткір, күшті, кең тілім

Тарап кеткен балаларынды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!

Оқушы: Тамырыңды тамырсыздық індетінен қалқала

                Әр адамда өз анасынан басқа

                Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

              Болу керек құдіретті төрт  ана:

               Туған жері – түп қазығы, айбыны,

              Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

                Туған дәстүр, салт - санасы тірегі

                Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,еске алуға қаншама,

                Ауыр әрі қасіретті болса да,

                Төрт анаға әнін жалғай алмаған

                Пенделердің басы қайда қалмаған?

               Төрт анасын қорғамаған халықтың

                Ешқашан да бақ  - жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы

               Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы

Баяндама: "Тілім менің – тірлігімнің айғағы"

Баяндама барысында бірнеше слайд көрсетіледі.

Мұғалім:  Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.Ол Ата   Заңда жазылған.Оны мойындап, мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кенейту, бір сөзбен айтқанда, ғылым, білім, техника тілі дәрежесіне жеткізу – бізге міндет,ұрпаққа парыз!

Баяндама: "Тіл - ғасырлық қазына"

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Тіл құдіреті ауыз толтырарлықтай өте күшті.Тіл киелі, қасиетті дейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеуіміз керек.Тәрбие сағатын А.Байтұрсыновтың мыны сөзімен аяқтағым келеді. "Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта жоғалмайды.Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең

қуаттысы – тіл". Ендеше, ана тілдің мерейін көтерейік, ағайын!

 

Просмотров: 547


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст