"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық- гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігінде жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат

13.03.2017

Нұресіл ауылы №48 орта мектебінің

қоғамдық- гуманитарлық пән бірлестігінің

онкүндігінде жүргізілген іс-шаралар

туралы ақпарат

 

  Нұресіл ауылы №48 орта мектебінде қоғамдық- гуманитарлық пән бірлестігінің  онкүндігіне орай әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Байкал А. мұғалімдерді онкүндікке байланысты өткізілетін іс- шаралардың жұмыс жоспарымен таныстырды. Қоғамдық- гуманитарлық бағытта жұмыс істейтін мамандары

осы жоспар бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аушахманова Ш.Н. қазақ әдебиеті пәні бойынша 7 «А» сыныбында «Көксерек» ашық сабақ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сыздықова М.О. «Тапқыр достар»  сайыс 6 «А» сыныбына және 7 «А» сыныбында «Қалау рай»ашыұ сабақ, осы пән бойынша орыс сыныбында сабақ беретін мұғалім Мащанова Г. «Мектеп»  6 «Б», Худайбергенова Г.Э. «Мамандықтар шеруі» 10 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізіп пән мұғалімдері бірігіп «Қызықты қазақ тіл әлемі» сыныптан тыс іс-шара 8-10сыныптар арасында өткізді.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Косубаева Б.Т. «America»  8 «А» сыныпқа, Байкал А. «Review of Present Simple Tense » 6 «А» сыныпта және Тойжанова М.Н. «A day in my life» 5 «А»  сыныбында ашық сабақ өткізіп осы пән мұғалімдері бірігіп 4-7 сынып арасында ағылшын тілінен шағын концерт өткізді.

         Оқушылардың орыс тілінде сөйлеу деңгейін көтеру мақсатында Исенгужинова Н.А. «Разноспрягаемые глаголы»ашық сабақ 7«А» сыныбында Кульжанова С.Х. Н.Е.Гоголь«Ревизор» орыс әдебиетінен 9«А» сыныбында

ашықт сабақ және «Филологический звёздный час» сыныптан тыс жұмыс, Бакибаева М.А. «Качественные прилагательные» 5 «Б» сыныбында ашық сабақ, Такенова А.С. «Обобщающие слова при однородных членах и знаки препринания при них»орыс тілінен 8 «Б» сыныбында ашық сабақ, 6-8 сыныптар арасында «Конкурс чтецов»

сайыс өткізді.    

Тарих пәнінің мұғалімі Турсынбаев М.С. «Қорқыт, Асан қайғы» қазақ жырлаулары ашық сабақ 10«А»сыныбында және «XIX ғасыр көшбасшысы интеллектуальдық ойын 9-10 сынып арасында өткізід. Тарих пәнінің мұғалімі Көшкінбай Г.Б. «Қазақ хандығының құрылуы»Қазақстан тарихынан ашық сабақ және

«Экстремизм және лаңкестік»  дөңгелек үстел 9 сыныптар арасында , осы пәнінен орыс сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімі Нигметов А.Н. «Народное образование» 8 «Б» сыныбында ашық сабақ және

осы сыныпта «Своя игра» интеллектуальтдық ойын өткізді.

Онкүндікке байланысты өткізілген барлық іс-шаралар қызықты да тартымды өтті. Әкімшілік тарапынан және басқа қатысқан ұстаздар тарапынан жақсы бағаға ие болды. Белсенділік көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен

марапатталды.

     Әдістеме бірлестігінің жетекшісі:      Байкал А.

 

 

Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст