"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білімді мыңды жығар

19.03.2017

Тақырыбы: Білімді мыңды жығар

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын,

білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту

ә) дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелік:

Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.

Құрамында 10 оқушы болатын екі топ қатысады. Сыныптың ұлдары мен қыздары қатысады. Қыздар

тобы - «Гүлдер», ұлдар тобы - «Ұлағат». Сайыс 7 айналымнан тұрады.

I айналым: «Сәлем - сөздің анасы».

II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»

III айналым: «Анаграмма»

ІҮ айналым: «Ойлан тап»

Үайналым: «Кім жылдам?»

ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»

ҮІІ айналым: Қорытынды

I айналым: «Сәлем - сөздің анасы»

Бұл шартта сыныптың ұлдары мен қыздары екі топқа болініп, топтарының атын қорғап, сәлемдеседі

II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»

Бұл шартта оқушылар әдептілік, достық, қыздар мен ұлдар туралы мақал - мәтелден жарысады.

III айналым: «Анаграмма»

Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.

Кесіб - бесік

Иот - той

Арыбмод - домбыра

Саж - жас

Анызақ - қазына

Екерем - мереке

Ысабот - отбасы

Сытай - айтыс

Келйокит - иткөйлек

Зыбоқ - қобыз

ІҮ айналым: «Ойлан тап»

Қымыз - түйенің сүті ма?

Қыз қуу - қазақтың ұлттық ойыны ма?

Наурыз жаз айында басталады ма?

Абай - қазақ халқының ұлы ақыны ма?

Қазақстанның Астанасы - Алматы қаласы ма?

Қуырдақ қазақтың ұлттық тағамы ма?

Абай жолы романын С. Сейфуллин жазды ма?

Сәукеле қазақтың ұлттық бас киімі ма?

Роза Рымбаева - Ресей әншісі ма?

Қазақстан Украинамен шектеседі ме?

Ү айналым: «Кім жылдам?»

Бүл шартта оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.

1т мақта ауыр ма, 1т темір ауыр ма?( тең)

Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы алды?( түйеқұс ұшпайды)

Сегізінші наурыз күні 2 шеше мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартылды.

Сонда қанша орамал сыйға тартылды?

Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі

ортасында, екеуі алдында, біреуі артында Барлығы қанша үйрек( 3 үйрек)

Түнгі сағат 10 - да түн жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін

бе? ( мүмкін)

Егер «М» бастасаң,

Тағамның бір түрімін.

«М»- ны алып тастасаң,

Түнгі аспанның нұрымын( Май - ай)

2.«К» - ден бастап оқысаң Құс атауы, қарашы!

«Е»- ден бастап оқысаң,

Жалқау бала бағасы.( кекілік - екілік)

3. Тәрелкеде 5 алма,

Қолымда бар 2 алма Қосқан кезде барлығын Болады екен неше алма?

Біреуін берем атама,

Біреуін берем апама

Сонда қанша болады,

Менде қанша қалады?( 5 алма)

ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»

Бұл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі.

Айтыстың түрлерін ата?( қыз бен жігіт, бәдік айтыс)

Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?( домбыра, жетіген, сырнай)

Кәсіби мереке күндерді ата?( мұғалім; дәрігер, шахтер, шопан)

Төрт түлік малға нелер жатады?( сиыр, қой, ешкі, жылқы)

16 желтоқсан қандай мереке?( тәуелсіздік күні)

Абайдың шын атын атаңыз?( Ибраһим)

Екі кісінің сөйлесуі( диалог)

ҮІІ айналым: Қорытынды Алған фишкалары есептелініп, жеңімпаз топтар марапатталады.

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст