"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

19.03.2017

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Мақсаты: білімділік: оқушыларға 8- Наурыз- Халықаралық әйелдер күні туралы жалпы мағлұмат беру;

дамытушылық: оқушыларды Халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихымен таныстыру және олардың ой-өрісін дамыту;

тәрбиелік: оқушы бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға, адамгершілік сезімін ұялатуға, әсемдікті сүюге.

Сабақтын түрі: Әдеби-музыка композиция , пікір алмасу.

Көрнекілігі: тақырыптық қабырға газеттері, аналар жайлы нақыл сөздер.

                                          Барысы

Кіріспе.

Мұғалім:

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр кұйып, тағы да 8-наурыз-халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кездеде орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқкашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынысымыз тіршілікпен кең дүниенің өзі тек аналармен ажары екені сондықтан.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі тәрбие сабағы аналарга арналады.

1-оқушы: Біз ғана емес, қадыр тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

Құрметті аналар, бізді мектептің ұстаздары, қыздары! 8-наурыз-халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер пеіштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Мұғалім: Балалар, мынандай сұраққа жауап беріндерші: Дүниедегі ең сұлу кім?

2-оқушы: Дүниедегі ең сұлу — ол қазақ әйелі.

3-оқушы: Қазақ әйелі- бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ең ізгі адам.

4-оқушы: Қазақ әйелі- бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.

5-оқушы: Қазақ әйелі бар бақытым некелі ерінің талайынан күткен ілемдегі ең асыл жар.

6-оқушы: Ұлттың ұйтқысы.

7-оқушы: Ұрпақтың анасы.

Мұғалім: Анаңа деген ұғымды немен байланыстырасындар?

Анаға деген ыстық лебізіңді қалай білдіресің?

Ана туралы мақал мәтелдер келтіріңдер.

8-оқушы:1) Ананы сыйламаған басқаны сыйлап жарытпас

2) Алып анадан туады

3) Ананың сүті балдан тәтті

9-оқушы:

Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған

Әлемде сен болмасан осылайша

Бар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?!

Ән :Анашым

Мұғалім: ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тән. Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқпыз ба?! Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып

шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны да алабөтен. Ана- перзент тәрбиелеуші, ана- қызметкер! Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады, қолынан келгенше мәпелейді. Әйел ана алдындағы адамзаттық борышын өтеуге тырысады. Қарапайым еңбек адамы

анасына сый-құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады, композитор ән, күй шығарады.

Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копенгагенде социолист әйелдердің халықаралық екінші конференциясында әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтеріпті. Содан кейін де , яғни 1911 жылы Германияда, Австрияда, Швецарияда және Данияда, 1913 жылы Петерборда халықаралық әйелдер күні мерекеленіп өтті.

Ал Клара Цеткин кім еді? Ол-Ана. Күрескер -Ана, Германияның және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері, Германия комунистік партиясын құрушылардың бірі. Ол 1890 жылы Германияда социолистік-демократиялық әйелдер қозғалысын басқарған.

Барша әйел-аналар мейрамы құт- қуаныш әкелсін!

10-оқушы:

бәрі де ана, бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең -дастанды.

Қуандымба өзің бар деп жас тамды.

Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды

Жанарынан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіне еркелеп, 

Жасқандыңба, тек өзіңнен жасқандым.

11-оқушы:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп, талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағын- аясындай гүл бақтың.

12-оқушы:

Мен озіңмен қайда болсын біргемін

Махаббатың жүрегімде жүр менін

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің ?!

13-оқушы:

Бірде ұстаз, бірде әнші, анасыз,

Қыздарғада ақ пейілмен панасыз!

Сіздің жазған әніңізді орындап,

Шаттанып біз, мақтанып бір қаламыз.

Қорытынды.

Мұгалім: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып берген аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ия, Аналар ажалдан күшті. Міне, көрдіңіздер ме? Тәңір құлы Темірді де жібіткен ана екен.

Ендеше сол аналар алдыңда бас иелік!

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Ананы да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядан ақыл берген

Ниетін қабыл болсын аналарым,

Өркен деп өсе берсін, бала-шаға,немерелер.

 

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтінді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Хор:

Ана туралы жыр

 

 

Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст