"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кемел келешекке бағдар берген – Рухани жаңғыру

30.11.2017

Кемел келешекке бағдар берген – Рухани жаңғыру

        Нұресіл ауылы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Худайбергенова Гулюм Эштимировна Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынып отырған «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы негізінде ұстаздар қауымына

таныстыру, насихат жұмыстарын жүргізді. Таныстырылым барысында ұжым тарапынан аталған бағдарламаға деген қызығушылық байқалып, жағымды пікірлер айтылып, қолдау көрсетіліп отырды. Гулюм Эштимировнаның таныстырылымында төмендегідей

ақпараттар ұсынылды:

    Еуразия материгінің түп кіндігінде орналасқан Қазақ елі ХХІ ғасырда көшбасшылықтың, дамудың даңғыл жолын таңдап, осы жолда

нақты сүрлеу салып, өзінің тарих сахнасындағы рөлін бекітіп, әлем алпауыттарының алдында буыны бекіген саналы, өзіне сенімді «жас мемлекет» ретінде танылды.

     Осы жолда еліміз түрлі реформаларды сүзгіден өткізіп, сан түрлі экономикалық жаңғыруды қолға алудағы басты тақсат айқын болатын. Ол – ғаламдағы дамыған елдердің қатарына қосылу.  Осы мақсат барысында «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» сынды бағдарламалардың жалғасы іспеттес болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  түрлі салаларды қамти отырып, бүгінгі таңда

Республика көлемінде зор қолдауға кенеліп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бағдарлама негізгі 6 бағытты қамтыған.

Олар:

1.     Бәсекеге қабілеттілік.

2.    Прагматизм.

3.     Ұлттық бірегейлікті сақтау.

4.   Білімнің салтанат құруы.

5.     Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

6.     Сананың ашықтығы.

     Аталған бағыттар бойынша ұсыныстар ойға қонымды және кемел ел келешегіне деген сенімді

нығайта түсіп, осы бағыттың ертеңі айқын екенін көрсетеді.

     Бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін жеке адам ғана емес, тұтас халық бәсекелестік

қабілетін арттыруы үшін еңбектенуі қажет, сонда ғана табысқа жетуге болады.

Сондықтан, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және

конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар құрылып, ХХІ ғасыр талабын

қанағаттандыруға бағытталатындығын айтса, екінші бағыт бойынша адамзат

баласының Отан-Анаға, жерге немқұрайлы қараудың салдарын айта келіп, жаңғырудың

негізінде бұл мәселенің шешімді жолдарын айтып, қайта түлетуді ұсынды.

   Үшінші бағытта  жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық

кодыңды, ұлттық болмысыңды сақтай білу. Ұлттық бірегейлік – ұлт бірегейлігін

сақтап, ұлт сана – сезімінің көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін

сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгертуді ұсынды. Сонымен қатар,

қазақстандықтарға ешқашан бұлжытпайтын 2 ережені, біріншіден, ұлттық мәдениетті

сақтамаса, ешқандай жаңғыру болмайтынын; екіншіден, алға басу үшін ұлттың

дамуына кедергі келтіретін кертартпалықтан арылу керектігін ескертті.

     Төртінші

бағытта еліміздегі білім бағдарламасының ұтымды жұмыс жасап жатқанын айта

келіп, кемелді келешек құру – білімді жастардың қолында екеніне назар аудартты.

     Бесінші

бағытта Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуының маңызына тоқталды.

Бүгінге дейін халқымыз көрген тауқыметтерді санада сақтап, одан сабақ ала

отырып, революциялық емес, эволюциялық дамуға алып келуіміз керек деп ой

қорытты.

     Алтыншы

бағытта Ішкі руханиятымыз арқылы сыртқы өзгерістерді жағымды тұсынан қарастыра

отырып, жаңғырудың даңғыл жолына түсу керектігін баса айтты.

     Қорыта келе, ұжым

тарапынан «табиғат пен өмірдің бір орында тұрмайтыны сияқты мемлекет пен ұлт та

үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, ескінің көлеңкесін бір сілкіп, жаңаның жақсысын

алып отыруы қажет;  елімізде түрлі саяси

реформалар мен экономикалық жаңғыруды қолға алып, түрлі кезеңдермен жүзеге

асыруда;  ғасырлар тоғысында, кеше мен

бүгіннің түйіскен тұсында халқымызды жаңа сатыға көтеру мүмкіндігі туып тұрған

сәтте Елбасы ұсынып отырған дара жолының сүрлеуімен нық басып, жаңғырудың дара

жолын ұстансақ , ертеңгі таңымыз кемел болып, келешек ұрпақтың туы асқақ

желбірейтіні анық» деген пікірлер айтылды.

 

 

Нұресіл ауылы орта мектебі

директорының оқу-тәрбие ісінің

меңгерушісі:

Бердхожа Серуен

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст