"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасыл – яғни үнемді» тақырыбы бойынша іс - шаралар туралы ақпарат

30.11.2017

Нұресіл ауылы орта

мектебі

«Жасыл – яғни үнемді»  тақырыбы бойынша

іс - шаралар туралы ақпарат

2017– 2018 оқу жылы

 

            Нұресіл ауылы орта мектебінде 2 – 4 сыныптар аралығында  «Жасыл – яғни үнемді»  тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізілді.

          «Жасыл сабақтың» басты міндеті – экологиялық және табиғи ресурстарды қорғау 

мен ұқыпты пайдалануды көздейтін белсенді азаматтық ұстанымы бар, мейірімді, жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеу .

         «Жасыл сабақта» келесі мәселелер туралы сөз қозғалды:

1.     Ауызсу және электр қуатын ұқыпты және тиімді пайдалану;

2.     Қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігі;

3.     Атмосфераға зиянды қалдықтардың  тастамауын азайту;

Әрбір мәселе  бойынша балалардың жасына қарай материалдар мөлшерлеп берілді. Сынып сағаттарында мұғалімдер әртүрлі материалдар қолданды. Көптеген слайдттар көрсетілді.

«Жасыл сабақты» өткізу нәтижесі  болашақ қазақстандық қоғамда  экологиялық  дүниетаным мен экологиялық этикет  негіздерін қалыптастыруға  және  болашақтағы  экологиялық таза «жасыл экономика»  үшін негіз болатын тетіктерді  дамытуға бағытталған.

         2 «Б» және 4 «А»  сыныптарының жетекшілері Алимжанова Ж.С., Балабаева Ж.М. сабақ барысында оқушылар суреттер салды, өз пікірлерін ортаға салды. Мұғалімдер әртүрлі  әдіс – тәсілдерді қолданды. Блиц – турнир, мини – диспуттар, ми шабуылы қолданды. Оқушылар пакетшоу  жасап, керекті ақпараттарды жазып алды.

        Балаларға  қорытындылау кезінде «қоқысты бөліп жинау»  атты бейнеролик көрсетіліп, балалар

өз  ойларымен бөлісіті.

       «Жасыл экономика» деген сөздерді қалай түсінетіндерін және биыл ЕХРО – 2017 көрмесіне барған балалар: Бегенова Ж. 4 «Ә», Қайырбек А. 4 «Ә», т.б. сыныптың оқушылары көрмеден алған ақпараттарымен

бөлісті.

      «Жасыл сабақтан» балалар үлкен әсер алды. Мысалы: электр қуатын, ауыз суды қалай үнемдеу екенін, табиғатты таза сақтау, қоқысты қалай жинау туралы көптеген ақпарат алды.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:        Худайбергенова Г.Э.

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст