"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ елінің болашағымын...

30.11.2017

Қазақ елінің болашағымын...

      «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан», - деп ұлы ғұлама, ойшыл атамыз Абай Құнанбайұлы айтқандай, кез –келген адам өмірге келген соң өз орнын тауып алуды мақсат тұтуы керек. Сол сияқты мен де өз қалауымдағы мамандықты игеріп, Ыбырай атам айтпақшы «Өнер  - білім бар жұрттар» қатарында болып, еліме еңбегімді сіңіргім келеді.

     «Алты алаштың баласы жиналса, төрдің басы ұстаздікі» дегендей болашақтағы мақсатым: ұстаз болу. Оның бірінші себебі: анам, әжем, ағам, тәтелерім бәрі – бәрі ұстаз. Екінші себебі, менің ұстазым Жаңыл Мұхтарқызына қарап ұстазыма деген шәкірттік махаббатым шексіз. Өйткені, мұғалімім бар білген білімімен қатар, бойымызға Отансүйгіштік пен имандылықты сіңіріп тәрбиелеуде. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей ұстазыма қарап мен де ертең дәл сондай үлгілі ұстаз болуды мақсат тұтып, осы өлеңімді арнаймын:

                         Ұстазыма

                    Ұстазым, менің ұстазым,

                    Өзіңе берем өмірдің бар гүл – бағын.

                    Шәкірт үшінаямаған уақытын,

                    Мен үшін сен қымбатсың ғой ұстазым.

     Мен қазақ елінің болашағының сәулелі болуын қалайтын патриот ретінде ұстаз бола жүріп  қазақ елінің болашағы болар балаларды қазіргі дәл өзім сияқты отансүйгіш, патриот ретінде тәрбиелеп, терең білім беруді

армандаймын. Осы мақсатымды жүзеге асыра алсам «қазақ елінің болашағымын» деп сенімді айта аламын!

 

 

 

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы, Нұресіл ауылының         

№48 орта мектебінің 3-сынып оқушысы

Депу Нұрлан Асанбекұлы.

    

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст