"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыйқырлы Жаңа жыл

09.01.2018

Сыйқырлы Жаңа жыл

      Жыл сайын Жаңа Жыл қарсаңында мектебімізде 

балаларға арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырылады. Бұл жылы да осы

дәстүр жалғасып, 2017 жылдың 28-желтоқсанында Нұресіл ауылы орта мектебінің

әсем безендірілген мәжіліс залында Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.

    Мереке үш кезеңнен тұрды: сағат 10.00-нан – 1 кезең, қатысушылар – 170  адам; сағат

14.00-ден – 2 кезең, қатысушылар – 100 адам және   сағат  16.00 -ден – 3 кезең, қатысушылар  – 124 адам.

          Мәжіліс залында керемет мерекелік көңіл-күй орнады: ертегі кейіпкерлеріне енген оқушылар ән айтып, би биледі,

өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп әкімшілігі атынан  сөз алған директор Кусаинова З.Т. оқушыларға

оқуда жақсы көрсеткіштер көрсетулерін, денсаулық пен бақыт және  тамаша мереке тіледі.

       Бұл шырша мерекесіне аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан Муса Ерасыл, Тулеубекова Диляра, Амангаринова Жансая сынды оқушылар шақыртылды. Мереке соңында осы оқушыларға Жаппай қамту

қоры есебінен қысқы шаңғы костюмі мен тәттілер сыйға тартылды. Оқушылар шырша

мерекесінен керемет әсерге ие болып, риза болып тарасты.

 

Әлеуметтік педагог:                                     Дюсембаева Г.К

                                                                

         

 

 

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст