"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына қатысты Нұресіл ауылы орта мектебінің ұжымының ой - пікірі

15.01.2018

ҚР Президентінің Қазақстан

халқына Жолдауына қатысты

Нұресіл ауылы орта мектебінің

ұжымының ой - пікірі

 

Құрметті ұжымдастар! Кеше, яғни 9 қаңтар күні тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан

халқына арналған жыл сайынғы жолдауына байланысты Республикалық телеарналардың

эфирінен мәлімдеме жасады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауын – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің

барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс –жоспарға құрылған шын мәнінідегі тарихи құжат. 

     Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Он бағыттан тұрады.  Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуын және  Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында  реформаларды жүргізіліп келеді. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылып жатқаны жөнінде айтылды. Конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастады.  Рухани жаңғыру бағыты

бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.

         Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың  кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму. Шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жаңа өнім түрлерін көбейту, ғылым мен өндірісті дамыту тетіктері толығымен

қарастырылған.Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс екенін айтып кетті.

Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!", - деді Елбасы.Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Елбасының осы жолдауындағы халықты қуантқан  Зейнетақы еңбек өтілімін есептегенде 1,8 есеге өсетінін айтып, мұғалімдердің жалақысы оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқытуға көшкен мұғалімдердің

лауазымдық жалақысы біліктіліктеріне 30-50 пайзға көтерілетіні туралы айтылып кетті. Жолдаудың президент көрсеткен 10 сектордың 7-сі біз педагогқызметкерлерге қатысты. Мектеп мұғалімдерінің осы – аса жауапкершілігі мол жұмыстарды жұмылдыра артқаруына еш күмән келтірмеймін, қайта артығымен орындап

шығатынына және сеніммен орындалатынына сенім білдіреміз.

Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығы керек екенін айта отырып, Қазақстанның жарқын болашағына барлық мақсатарға қол жеткізуге болатынын айтты. Олай болса сол жолда аянбай тер төгуге шақырамын, ендеше, іске сәт, қымбатты ұстаздар!

 

        

ТІМ:      Худайбергенова Г.Э.

 

 

 

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст