"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тармақталу алгоритмі

31.01.2018

Сабақтың тақырыбы:        Тармақталу алгоритмі

Cабақтың мақсаты:   

Білімділік:                   Оқушыларды алгоритмнің негізгі түрлерімен, командаларымен,

компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстырып,

оларды практика жүзінде қолдануға үйрету;  

Дамытушылық:         Оқушыларды алгоритмнің негізгі түрлерімен, командаларымен,

компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыра отырып, алгоритм құра білу

дағдыларын,  логикалық ой-өрістерін   дамыту;

Тәрбиелік:                 Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:          теориялық практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

1.        Ұйымдастыру                            

2.       Өткен материалды қайталау   

3.  Жаңа сабақты түсіндіру          

4.   Cабақты бекіту

5.      Бағалау

6.       Үйге тапсырма                          

 

Өткен материалды қайталау  сұрақтары:

·       Алгоритм дегеніміз  не? Бұл сөз қайдан шықты?

·      Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

·     Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

·      Алгоритмдерді графиктік түрде кескіндеу ерекшеліктері қандай?

·       Блок-схема дегеніміз не?

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру

  Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

         Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл

бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер: сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар  белгілі бір қызмет атқаратын терминдерді қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.

         Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті

командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран, Бейсик тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір

сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес,

оларды түйінді сөздер деп атайды.

 

         Программалау тілінің негізі болып табылатын, алгоритмдік тілде қолданылатын шамалармен және

оның ережесімен  танысайық. Бұл ереже алгоритмнің жазылуын компьютерде орындауды ыңғайлап ретке келтіреді.

         Алгоритмдік тілде өрнектелген әрбір алгоритмнің мазмұндық сипатын ашатын атауы, яғни

тақырыбы болады. Тақырыпты арнайы бөліп көрсету үшін оның алдына  алг  (алгоритм) түйінді сөзі жазылады.  Алгоритмнің тақырыбынан кейін, жаңа жолдан оның командалары жазылады. Ал алгоритм командаларының басталуы  мен аяқталуын көрсету үшін  басы  және соңы  түйінді сөздері пайдаланылады. Командалар осы  екі түйінді сөздің арасында жазылады да, сол жазылу реті бойынша орындалады.

         Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін  бірнеше командасының тізбегін  серия  деп атайды. Алгоритм тақырыбынан кейінгі бөлігі  алгоритм тұлғасы деп аталады, ол басы және соңы   түйінді сөздерімен шектеліп тұрады.

Кез келген шаманың мәнін есептеу өрнекпен беріледі. Алгоритмдік тілде өрнектер сандық мәнді және сандық емес символдық мәнді де қабылдай алады. Алгоритмнің атқарылу барысында өрнек мәнін

есептеп, оны басқа бір айнымалыға теңестіруді  мәннің меншіктелуі деп атайды. Меншіктеу процесі меншіктеу командасы арқылы  жүзеге асырылады. Оның жазылу үлгісі мынадай:

            Айнымалы:=өрнек немесе  y:=ax-b       

Мұндағы айнымалы шамаға өрнек мәні меншіктеледі немесе у айнымалысына ax-b өрнегінің

мәні беріледі, «:=» - меншіктелу таңбасы, оның сол жақ бөлігіне кез келген айнымалы шама, оң жақ бөлігіне кез келген өрнек орналасады.

 

Алгоритм құрылымы

         1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг   үй тапсырмасын орындау

басы

        күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

        үй тапсырмасын анықтау

        үй тапсырмасын орындау

       

күнделікті орнына қою

соңы

         2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу

командасы деп аталады.  Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе,  бітті   түйінді сөздері пайдаланылады. Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»

(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

 Компьютерде есеп шығару кезеңдері

Компьютерде есеп шығару күрделі процесс болып табылады.

Енді жоғардағы берілген есептің программасын құрайық:

 

Program

_esep1;

Var x,y:real;

         Begin

         Read(x);

if  x>=0 then y:=sqrt(sqr(x)+x

          

else  y:=sqrt(sqr(x)+1;

write(‘y=’, y:4:0);

end.

Тапсырманы компьютерде теріп біткеннен кейін ctrl+F9 комбинациялары арқылы программаны орындауға жібереміз, шыққан қара экранда сан беріп, нәтижесін alt+F5 комбинациялары арқылы көре

аламыз.

         Осы есептің машинада қалай есептелгенін қара тақтаға жазып талдап көреміз. Екі

нәтижені салыстырып, программаның орындалуы мен құрылуының дұрыстығына көз

жеткіземіз.

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

·     Қарапайым алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?

·       Түйінді сөздерге нелер жатады?

·       Транслятор дегеніміз не?

·     Меншіктеу командасының құрылымы қандай, ол қалай жазылады?

·      Алгоритм мен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

·    Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

·       

Тармақталу алгоритмі мен

циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?

 

Бағалау:                 әр оқушыны өз-өздерін бағалау стикерлерін жабыстырған

рефлекциялық шеңбер бойынша бағалау, ескерту.

 

Үйге тапсырма:    Формула бойынша программа құру.

Просмотров: 1235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст