"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік сабақ» АНЫҚТАМА

24.01.2024

«Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімдер арасындағы «Үздік сабақ» байқауының мектепішілік

кезеңі бойынша

                                                     АНЫҚТАМА

      2023 жылды 04.12 – 08.12 аралығында Нұресіл ауылының ЖОББМ әдістемелік жоспарға сай «Үздік сабақ-2023» байқауы өтті.

Байқаудың мектепте оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу мақсатында ұйымдастырылады.

Байқау кәсіби мамандар арасында өтетін байқауда креативті тәсілдер қолданған пән мұғалімі ғана жеңімпаз болады және үздік сабақ тәжірибеден өткізіліп, оқыту орталықтарында жүйелі методикаға айналады.

      Байқау сабақтарын кестеге сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Уалиев Д.Д. «Қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны -  асық ату» тақырыбында 6«Ә» сынып оқушыларымен бастап, «ұлттық ойындар ережесімен танысу арқылы өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілетін дамыту, тактикалық комбинацияларды орындауды түсіне алуды» мақсат тұтты.

      Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жайсан Ж. «Көңілді эстафета» тарықыбындағы сабағының мақсаты «оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдық пен достыққа баули отырып, түрлі дағдыларын дамыту».

Кесте бойынша 06.12 күні бастауыш сынып мұғалімі Ногоспаева А.А. «Где есть вода» тақырыбындағы сабағын «объяснить наличие воды в живых организмах и неживой природе, формулировать выводы» мақсатында ұйымдастырды. Сабақ танымдық түрде өтті.

 

 

07.12 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тойжанова М.Н. «L6 understand some specific information and detail of short supported talk on an increasing range of general and some curricular topics» мақсатын негізге алып сабақ жүргізді. Сабақта оқушылар ағылшын тілінен білімдерін көрсетіп, деңгейлік тапсырмаларды орындады.

Мектепішілік әдістемелік жоспар негізінде ұйымдастырылған байқаудың келесі қатысушысы информатика пәнінің мұғалімі, сарапшы Дүрімхан Нургул «Ақпарат түрлері» тақырыбындағы сабағын 5 «А»сыныбының оқушыларымен «Әртүрлі ақпараттың түрлеріне мысалдар келтіру және әртүрлі нысандарды ұсыну» мақсатының негізінде жүргізді. Сабақ танымды, оқушылар белсенді атсалысты.

 

География пәнінің мұғалімі Саяси Алтынсәуле 8 «А» сынып оқушыларымен «Гидросфера» тақырыбында «құрлық суының экологиялық проблемаларын талдау, су қорының тапшылығын жіктеу, теңіздің экологиялық проблемаларын шешу» мақсаттарын ұсына отырып, танымдық – зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар экологиялық проблемалардың себептері мен шешу жолдарын анықтай отырып ортаға салды.

 

Бастауыш сынып мұғалімі Шари Жарых, сарапшы санаты бар ұстаз 3 «А» сынып оқушыларымен қазақ тілі пәні бойынша «Бастауыш» тақырыбын ашу мақсатын «...бағытталған сұрақтар құрастыру, сөйлем мүшелерін ажырату» деп көрсете отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптей сабақ өткізді. Сабаққа балалар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді.


 

 

Мұғалімнің аты-жөні

Пән

Күні

 

1

Уалиев Д.

Дене шынықтыру

05.12.2023ж.

 

2

Жайсан Жанерке

Дене шынықтыру

05.12.2023ж.

 

3

Ногоспаева А.А.

Естествознание

06.12.2023ж.

 

4

Тойжанова М.Н.

Ағылшын тілі

07.12.2023ж.

 

5

Дуримхан Нургул

Информатика

07.12.2023ж.

 

6

Саяси Алтынсауле

География

08.12.2023ж.

 

7

Шари Жарых

Қазақ тілі

08.12.2023ж.

 

 

Байқау барысы арнайы бекітілген әділ қазылар алқасымен бағаланып, жүзден жүйрік шыққан «Үздік сабақ» анықталды. Қорытынды нәтижесі төмендегі кестеге сай, бастауыш сынып мұғалімі Шари жарыхтың сабағы «Үздік сабақ» деп танылды.

    

     «Үздік сабақ» байқауына қатысушы ұстаздар алғыс хаттармен марапатталып, үздік танылған сабақ алдағы уақытта аудандық деңгейдегі байқауға ұсынылды.

 

Әдістеме ісі жөніндегі орынбасар:                 С.Бердхожа

 

Просмотров: 2568


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст