"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нұресіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебі бойынша Жалпыға бірдей міндетті біліммен қамту аясында «Мектепке жол» атты Республикалық акцияның өткізілу барысы туралы анықтама 2023-2024 оқу жылы

27.08.2023

             2023 жылдың 1-тамызынан бастап жыл сайын өтетін дәстүрлі «Мектепке жол» атты жалпыреспубликалық акциясы  «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен бастауын алды.

          Бұл акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға  жаңа оқу жылына дайындық көрсету және қандай да бір әлеуметтік себептер салдарынан мектепке келмеуінің алдын алу.

Осы мақсатта оқушыларға оқу жылына дайындық жасауына көмек көрсетуге ауылымыздағы жеке кәсіпкерлер, меценаттар, жалпы жаны жомарт адамдарға үндеу тасталды. Мектептің әлеуметтік педагогы ауылдағы дүкендер мен аялдамаларға хабарландырулар іліп, дүкен иелерімен осы тақырыпта әңгімелесулер жүргізді.

       Осындай қайырымды жандардың бірі    - «Самрук – Қазына «КЕГОК» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ бірлесе отырып,   1- сыныпқа баратын көп балалы отбасынан шыққан он  екі оқушыға әрқайсы 20000 теңге тұратын кеңсе тауарлары салынған рюкзактар тарту етті.

 

Жеке кәсіпкер, ауылымыздың азаматы – Кауен Қолғанат  2 отбасына әрқайсына  50000 теңгеден ақшалай көмек көрсетті.

     Ауылымыздың дүкен иелері мен жеке кәсіпкерлері бұл шараға белсене қатысты. Атап айтсақ, Абилева Дина Боранбайқызының атындағы «Дина» ЖК   және «Сарина»ЖК иесі Сарина Жанна және ауылымыздың тұрғыны Ильященко Василий Александрович жалпы сомасы   25000 теңге көлеміндегі кеңсе тауарларын алып , 2 отбасының балаларына таратып  берді.

     Қорытындылайтын болсақ,  бюждет қаржысы есебінен, яғни Жаппай оқытумен қамту қоры есебінен  9 балаға әрқайсына 40567 теңгеден  365 103 теңге,  17  балаға бюджеттік емес орындардан, яғни демеушілерден 375000  теңге,  жалпы осы акция аясында бүгінгі таңда 26 оқушыға 740 103 теңге көлемінде көмек көрсетілді.  

 

Мектеп директоры:                              Конкыбаева А.О.

Просмотров: 1383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст