"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балалар арасында болатын электр жарақатының алдын алу"

28.09.2021

Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 22.09.2021 күні            1, 5, 9 сыныптар арасында "Балалар арасындағы электр жарақаттары және олардың алдын-алу" жайында тәрбие сағаты жүргізілді.
Электр тогының соғуынан болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін электр қауіпсіздігінің негізгі ережелерін қатаң білу және тұрақты орындау қажет!

1) үйден және тіпті бөлмеден шыққан кезде теледидарды, магнитофонды, үтікті және басқа электр құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз.

2) сымды тартып, штепсельді розеткадан шығармаңыз – ол үзіліп, электр тогы өтетін сымдарды ашуы мүмкін.

3) жалаңаш сымдарға жақындамаңыз және оларға қол тигізбеңіз.

4) электр құралдарын сулы қолмен қоспаңыз! Су электр тогын өте жақсы өткізеді.

5) розеткаға ешқандай заттарды салмаңыз.

6) Егер сіз ажыратқышты басқанда немесе штепсельді розеткаға салғанда ұшқын байқасаңыз, ересектерге айтыңыз.

7) салбыраған немесе үзілген сымдарға жақындамаңыз.

8) ешқашан электр желілік құрылыстардың аумағына және үй-жайларына кірмеңіз. Электр қондырғылары қоршауларының есіктерін ашпаңыз және қоршаулар мен тосқауылдардың сыртына шықпаңыз. Бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

9) электр өткізу желілерінің тіректеріне көтерілу, электр сымдары орналасқан трансформаторлық қосалқы станцияларға немесе жертөлелерге кіру өмірге қауіпті.

10) электр өткізу желілерінің жанында ойнамаңыз, олардың астына от жақпаңыз, жанына отын, сабан және басқа да тез тұтанатын заттарды қоймаңыз.

Кейде қиындық тек  бізбен емес, кез-келген адаммен болуы мүмкін сияқты. Бұл алдамшы әсер! Сақ болыңыз! Өз өміріңізді және достарыңыздың өмірін сақтаңыз!

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст