Текст
2025 жылдың 10 қазанында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен өңірлік Дарын орталықтарының ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында өтетін «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі басталды. Бұл олимпиаданың мектепшілік кезеңіне Нұресіл ауылының ЖОББМ-нен 5-6 сыныптардан 27 оқушы тіркеліп, 27 оқушы қатысты.
Жоғары нәтижеге ие болған 5 сыныптар бойынша 3 оқушы, 6 сыныптар бойынша 3 оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне ұсынылды.