"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру!

28.08.2025

Нұресіл ауылы ЖОББМ 2025–2026 оқу жылына  тегін тамақтануға құжат қабылдау басталғанын хабарлайды!

👧👦 Тегін тамақтануға төмендегі санаттағы отбасылар өтінім  бере алады:
1️⃣ Толық емес, көп балалы отбасылардан шыққан балалар.  
2️⃣ Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар.  
3️⃣ Атаулы көмек алмаса да, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар  
(2025 жылғы қыркүйек айына күнкөріс минимумы – 52 323 теңге).  
4️⃣ Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және қорғаншылықта (опекада) тәрбиеленіп жатқан балалар.

📂 Қажетті құжаттар тізбесі:

- Өтініш берушінің жеке куәлігі (тұлғасын растау үшін).  
- Баланың туу туралы куәлігі.  
- Некеге тұру/бұзу туралы куәлік көшірмесі немесе №04 анықтама (ананың айтуы бойынша берілетін).  
- Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама(егер жұмыс істемесе).  
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатыны туралы анықтама (бар болса).  
- Отбасының табысы туралы анықтама (жәрдемақы, зейнетақы, жалақы соңғы 6 айға).  
- Қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама (қорғаншылар үшін).

📌 Барлық өтініштер egov.kz порталы арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қабылданады.

ℹ️ Қосымша сұрақтар бойынша әлеуметтік педагог- Г.К.Дюсембаеваға хабарласуға болады:  
📞 87087512383

Просмотров: 18


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст