Текст
Жыл сайын 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушы күні аталып өтеді. Бұл – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілер мен барша ер азаматтарды құрметтейтін маңызды мереке. Отан қорғаушы күні – ерлік пен елжандылықтың символы.
Құрметті әріптестер! Сіздерді 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке батылдықты, күш-қуатты, Отанға деген адалдықты және оның мүдделерін қорғауға дайындықты білдіреді.
Сіздерге мықты денсаулық, табыс, ертеңгі күнге деген сенімділік, отбасылық амандық және бейбіт аспан тілейміз!
Мереке құтты болсын!
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Худайбергенова