Текст
5 мамыр күні, Ішкі істер министрлігі жариялаған құқық бұзушылық профилактикасы жылы аясында “Полиция Заң мен Тәртіп күзетінде” сондай-ақ “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Нұресіл ауылының ЖОББ мектебінде жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп директоры А.О.Конкыбаева, Нұресіл округінің әкімі С.С. Бегенов, ауылдық округінің қауымдастық мүшесі Байболов О.А., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Худайбергенова Г.Э., 1-11 сынып жетекшілеріне және ата-аналарына “Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтың алдын алу” мақсатында профилактикалық әңгімелесу өткізді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Худайбергенова