Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің барлық өңірлерінде Наурыз мерекесі жаңа форматта өткізілетін болып бекітілген еді. Наурызнаманың алғашқы мерекесі – «Көрісу күні» болып тойланса, 15 наурыз «Қайырымдылық күні» мерекесі ретінде аталып өтуде. Қайырымдылық, мейірімділік пен татулықты насихаттауға арналған бұл күні Нұресіл ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Г.К.Дюсембаева 5-6 сынып оқушыларымен «Қайырымдылық жәрмеңкесін» өткізді.
Іс -шараның мақсаты: Баланың бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді ұялату, қайырымдылық, жанашырлық сезімдерін ояту.
Сынып оқушылары бұл шараға белсене қатысты. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа мектебіміздің оқушысы, уақытша қамқорлықтағы балаға спорттық костюм мен аяқ киім алынды. Осындай жанашыр, қамқор жүректі оқушыларымызға алғыс айтамыз!