Наурызнама онкүндігі: бүгін – «Ұлттық киім күні» челленджі
Ұлттық киім – қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің көрінісі. Наурыз мейрамы көктем мен жаңару мерекесі ғана емес, сонымен бірге адамның төл мәдениетін терең пайымдау кезеңі. Ұлттық киім арқылы біз ата-бабаларымызға деген құрметімізді білдіріп, төл мәдениетімізге деген ықыласымызды көрсетіп, салт-дәстүрді келешек ұрпаққа жеткіземіз.
Ұлттық киім – қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің көрінісі. Бұл күні қазақстандықтар өздерінің бірегейлігін дәстүрлі киім арқылы көрсете отырып, мәдени мұраның құндылығын мойындайды.
Ұлттық киім күні – халықтың сыртқы келбеті мен ішкі өзіндік санасы арасындағы терең байланысты сезіну. Ұлттық киім – қазақ халқының құндылықтарын, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын бейнелейтін өткен дәуірдің шифрланған хабары. Ол бүгінде ұлттық мақтаныштың, эстетикалық көріністің символына және жаңа заманға ұштасқан қымбат мұраға айналда.
Өткізілген челлендж – ұлттық киім кию мәдениетін дәріптеуді және оның заманауи өмірмен үйлесімділігін көрсетуді көздейді. Челленджге 1 – 11 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары мен қызметкерлері қатысты
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Худайбергенова