"Туберкулездің алдын алу" тақырыбында диктант жұмысы.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай және туберкулез ауруының алдын алу мақсатында “Туберкулездің алдын алу” тақырыбында 9-11 -сыныптар арасында диктант өткізілді.
Мақсаты:
Балалардың сана - сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру
Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.
Диктант 9-11 сынып оқушыларынан алынып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Худайбергенова