Нұресіл ауылы жалпы орта білім беретін орта мектебінде 2025 жылдың 14 наурызында мектептің әлеуметтік педагогы Г.К.Дюсембаева 8- 11 сыныпта оқитын қыздар арасында «Жасөспірім қыздардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және ана болу» тақырыбында әңгімелесу өткізді.
Әңгімелесудің мақсаты: жасөспірім қыздардағы ерте жүктіліктің алдын алу; жыныстық білім беру; өз денсаулықтарына жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жас жеткіншектердің Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету.
Қамтылған аудитория: 8-11 сыныпта оқитын қыз балалар
Қатысқандар:
Тәрбие ісінің меңгерушісі-Худайбергенова Гулюм Эштимировна;
Мектеп медбикесі- Уразова Гульнар Балгабаевна;
Аға тәлімгер-Хуат Айнур