14.03.2025
24 ақпан-24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні және туберкулез ауруының
алдын алуы
Мектебімізде 13 наурыз күні Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай және туберкулез ауруының алдын алу бойынша 7-8 -сыныптарға мектеп медбикесі Уразова Г.Б. дәріс өткізіп, бейнеролик көрсетіп, оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. «Туберкулез деген не? Туберкулезден қалай сақтануға болады?» деген тақырыпта ақпараттық лекция өтті. Оқушыларға туберкулездің белгілері, таралу жолдары түсіндіріліп, сақтану шаралары айтылды. Аурудың профилактикасы ретінде жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс жуу, дене белсенділігі, дұрыс тамақтану мен дұрыс тыныс алу шаралары баса назарға алынды. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналар чаттарына жадынамалар таратылып, ескертілді.
Айлықты өткізудің мақсаты: профилактикалық іс-шараларды және туберкулездің алғашқы белгілері туралы балалардың хабардарлығын, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығын, емдеудің тиімділігін, профилактикалық іс-шараларды күшейту болып табылады

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Худайбергенова Г.Э.