«1 наурыз – Алғыс айту күні»
17 ақпаннан бастап мектепте "АЛТЫН ЖУРЕК-2025" ЧЕЛЛЕНДЖ өзін-өзі басқару ұйымдастырды. Мектеп кітапханашысы Лесхан Г. кітапханда «Алғыс білдіру – ең асыл сөз!» кітап көрмесін ұйымдастырды. 25 ақпаннан бастап – 3 наурызға дейін 1 – 11 сынып оқушылары «Балалар кімге алғыс білдіреді?» тақырыбында челленджге қатысты.
Алғыс айту күніне орай мектеп тәлімгері Хуат А. және Жасұлан ұйымы «Жүректен жүрекке» мектеп оқушылары мектеп фойесінде фотозона орнатып, Ұстаздарға, ата-аналарға, барша халықтарға алғыс құттықтау видео ролигін әзірлеп әлеуметтік желіге жариялады. 27-28 ақпан күні мектеп тәлімгері Хуат А. және өзін-өзі басқару ұйымы «Сіздерге мың Алғыс!» акция ұйымдастырып, мектеп тех персонал жұмысшыларына, оқушыларға, ата-аналарға, ұстаздарға құттықтау қағаздарын ұйымдастырып таратты.
Мақсаты:
Балаларға «Алғыс» сөзінің мән-мағынасын түсіндіру;
Күнделікті өмірде ризашылық пен мейірімділікті көрсетуге баулу;
Үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, жақын адамдарға алғыс білдіру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Худайбергенова Г.Э.