8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай
«Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектеп оқушылары құттықтау бейнеролгін дайындады. Мектеп тәлімгері мен өзін-өзі басқару ұйымы 3 наурыз күні мектеп фойесінде фотозона безендіріп дайындаған. 4 наурыз күні музыка пәнінің мұғалімі Зиябек А. 5-7 сынып оқушыларынан құралған хордың «Ана» әні көпшілікті тәнті етті. Өзін-өзі басқару ұйымы мен Жасұлан ұйымы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мұғалімдерге арнап құттықтау бейнежазбаларын және аналарға «Рахмет Ана!» тақырыбында өлең шумақтарын тарту етті.
Көктемнің алғашқы лебімен қатар келген мейрамда, мектепте бастауыш бірлестігі, 1-11 сыныптар арасында 7 наурыз күні «Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсінік беру. Сынып сағаты барысында 8-наурыз мерекесінің шығу тарихы жайлы, яғни, жыл сайын әрбіріміз әдемі гүл шоқтарымен, қымбат сыйлықтармен тойлауды әдетке айналдырған әйелдер күнінің түп -тамырының сонау ХХ-ғасырдың басындағы әйелдердің өз құқықтары үшін күресінде жатқаны түсіндірілді. SMART тақтадын арнайы бейнетаныстырылым көрсетілді. Тақырыпқа сай сыныптар мерекелік үлгіде безендірілді. Әдеттегідей, ер балалар қыздарға, ұстаздарына ізгі-тілектерін білдіріп, гүл шоқтарымен құттықтады.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Худайбергенова