“Құқық бұзушылықтың алдын алу”
Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Целиноград ауданы бойынша Кәмелетке толмаған істер жөніндегі аға учаскелік инспекторы полиция капитаны Кашкенов Мұхтар Жүсіпұлы және учаскелік Тайжанов Мырзабек Бахитович іс-шара барысында 5-11 сынып оқушыларымен барлығы 249 оқушы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді. Оқушылардың назарына заңдылықтың сақталуы, қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелері, жол қауіпсіздігі, яғни мопед, скутерлердің жүру ережелері. Көшедегі тәртіп ережесі, сабақты себепсіз қалдырғаны жағдайда, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, зиянды заттарды тұтынса, электрондық темекіні пайдалану және кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктер ішкені үшін жауапкершілігі, мектеп ережелерін бұзса олардың ата-анасы жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Сондай-ақ түңгі уақытта 23.00-ден кейін кәмелет жасқа толмағандар заңды өкілдерінің қарауынсыз жүре алмайтынын, құқық бұзушылық, тәртіп, төбелес, мектепішілік бақылау туралы ақпаратты жеткізді. Полиция қызметкерлері тек заңдар туралы ғана емес, сонымен бірге жасалған құқық бұзушылықтар үшін қандай салдарлар болатыны, яғни жауапкершілік туралы мысалдар келтіріп, бейнероликтер көрсетілді. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Худайбергенова