Мектепте ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ САБАҚТАРЫ ӨТТІ
27 қаңтар 2025 жылы 5 – 11 сынып жетекшілері қаржылық қауіпсіздігі бойынша ашық сабақтар өткізді. 5-7 сыныптарда «Цифрлық гигиена», 8-9 сыныптарда «Алаяқтық және онлайн-шопинг» тақырыбы анықталды, 10-11 сыныптарда «Дропперы» тақырыптарында сабақтар өтті.
Мақсаты: Оқушыларға жастайынан Қаржылық сауаттылықты үйрету, алаяқтарға алданып қалмауы және болашақта жеке табыстарына сауатты болуын түсіндіру.
Қарастырылған сұрақтар: Алаяқ мошенниктер деген кім? Олар қалай жұмыс істейді? Дропперлер деген кімдер? Оларға қарсы қолданатын шаралар!
Қорытындылай келе: оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, бөгде номерден хабарласқан кезде телефонға артық ақпарат айтпауы туралы және ешқандай смс-кодты қайталамауы жайлы айтылды. Көшеде бөтен біреу келіп счетты қолдануды сұраса ешбір кідірсіз кетіп қалуы туралы айтылды!
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Худайбергенова