2024 жылдың 06 желтоқсанында Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып 3-4, 5-6, 10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық "Алтын сақа", "Алтын түлек" аудандық математикалық олимпиадасының екінші (аудандық) кезеңінде 1,2,3 жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды МАРАПАТТАУ рәсімі Ақмол а. мектеп-гимназиясы базасында өтті. Бұл марапаттау рәсімінде Нұресіл ауылының ЖОББМ-нен "Алтын түлек" математикалық олимпиадасына қатысқан 10-сыныптардан 2 оқушы және "Алтын сақа" математикалық олимпиадасына қатысқан 4 сыныптардан 3 оқушы марапатталды.
Аудандық комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жүлделі орын алып, марапатқа ие болған оқушылар:
Болат Ұлжан -4 А сынып , 2 орын
Қажымұқан Кәусар -4 Ә сынып , 3 орын
Мақсұт Мақсат -4 Б сынып , 2 орын
Тилеубердыұлы Нұрсат -10 А сынып, 2 орын
Адай Қарақат-10 А сынып, 2 орын.