2024-2025 оқу жылында «Bilim-Órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Оқу-ағарту
министрлігінің №514 бұйрығы негізінде «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы ұйымдастырған қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатындағы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауына Нұресіл ауылының ЖОББМ-нің мектепалды даярлық сынып мұғалімі Бодаубай Жанилыс «Абай шығармаларынан – өлеңін, қарасөзін көркемдеп оқу» номинациясы бойынша қатысып, Абай атамыздың «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңін жатқа оқып, жүлделі 1 орынға ие болды. Әріптесіміз 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар , Жанилыс мұғалім мектепалды сынып оқушыларын да қатыстырып, 1 орын-2 оқушы, 2 орын-4 оқушы, 3 орын-1 оқушы жүлделі орындарға ие болды, орталық атынан Алғыс хатпен марапатталды. Әріптесімізді құттықтаймыз!