Осыдан 30 жыл бұрын, 1994 жылы 16 ақпанда, Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға (БҚК) қол қойды. Аталмыш конвенция балалардың құқықтарын жан-жақты айқындайтын халықаралық деңгейдегі бірден-бір құжатқа айналды. Бүгінгі таңда БҚК бүкіл дүние жүзіндегі балалардың өмірін өзгертуде шешуші рөл атқаратын әлем тарихында ең көп ел қабылдаған құжат болып табылады. Конвенцияның негізгі қағидалары барлық балалардың өмір сүруге, дамуға, қорғауға және кемсітушіліктен бостандыққа тең құқықтарын қамтиды.
Ақпан айында қол қойылған соң, көп ұзамай, 1994 жылдың 8 маусымында БҚК ҚазақстандаЖоғарғы Кеңес Қаулысымен ратификацияланды. Осылайша Қазақстан өз еркімен әрбір баланың тең құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жаһандық міндеттемелерді мойнына алды. Конвенция Қазақстанда балаларға мейірімді қоғам құрудың жұмыс құралына және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастық негізіне айналды.
Айта кетейік, республиканың барлық стратегиялық құжаттарында балалар басты игілік алушылар болып табылады. Әлемнің көптеген елдері балалардың әл-ауқатын бағалап, арнайы әдістемелер әзірлейді. Қазақстан бұл істен де шет қалған жоқ.
Осы мақсатта ағымдағы жылдың 20-қарашасы күні әлеуметтік педагог Дюсембаева Г.К. 7-9 сынып оқушылары арасында «Конвенция күні » атты шара өткізді.
Шараның мақсаты: адам құқықтарын қорғау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындалу қабілетін дамыту; оқушыларға адам құқығы, бала құқығы және оқушының міндеттері туралы түсініктер беру.
Бұл шараға жалпы 70 оқушы қатысты.
Шара барысында оқушылармен бала құқықтары туралы сұрақтар талданып, соңында осы тақырыпты қамтитын слайд көрсетілді.
Шара соңында оқушылар өздеріне қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап ала алды.