2024 жылдың 29 қазан мен 02 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарын анықтау және қолдау орталығының 18.10.2024 ж. №406 бұйрығы мен Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің 22.10.2024 ж. №492 бұйрығы негізінде ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі Көкшетау қаласында өтті. Бұл олимпиаданың облыстық кезеңіне Нұресіл ауылының ЖОББМ-нен 9 а оқушысы Бегенов Ерасыл биология пәнінен қатысып, Ақмола облысы білім басқармасының сертификатымен қатысқаны үшін марапатталды. Оқушымызды шын жүректен құттықтап, алға қойған арман-мақсаттарына жете беруіне тілектепспіз!