Жылдағы дәстүрге айналған қазан айында өткізілетін «29 қазан-Қамқоршылар күні» іс-шарасы Нұресіл ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде де өткізілді. Бұл мереке қамқоршылар мен олардың отбасында ата – ана жылуын тапқан жетім балалар үшін алғашқы қайырымдылық шара болып табылады.
Өскелең жас ұрпақты мейірімділік пен жанашырлыққа баулу мақсатында осы күні әлеуметтік педагог Дюсембаева Г.К. 7- сынып оқушылары арасында «29 қазан – Қамқоршылар мен патрионаттық тәрбиешілер күні» атты танымдық – ағартушылық шара өткізді. Балалармен «Қамқоршы деген кім? Қайырымдылық дегеніміз не?» деген мағынада тәрбиелік мәні зор әңгімелесу болды.
Мектебіміздің директоры А.О. Конкыбаева осы атаулы күні қамқоршы-Замаданбек Ерболды мерекесімен құттықтап, оған Целиноград ауданы білім бөлімі басшысы С.А.Искаковтың мадақтамасын табыс етті.