Текст
2024 жылдың 16 қазанында «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы КММ «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің жылдық жоспарына сәйкес 10-11 сынып оқушыларына арналған VI «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті. Бұл олимпиаданың мектепшілік кезеңіне Нұресіл ауылының ЖОББМ-нен 10-сыныптардан 3 оқушы тіркеліп, 3 оқушы қатысты.
Оқушылар жоғары нәтижеге ие болып, мектепішілік комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 10 сыныптардан 3 оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне ұсынылды: 10 а сынып- Тилеубердыұлы Н., 10 а сынып-Хавталбай А., 10 а сынып-Адай Қ.