"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Снюс, темекі, ішімдік – адам денсаулығының жауы.

01.01.1970

Тақырыбы: Снюс, темекі, ішімдік – адам денсаулығының  жауы.    

 Мақсаты: Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық  мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке  және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар, суреттер, нақыл сөздер және фотоальбом.

Барысы

1. «Зиянды заттар»  видеофильм көрсетілімі. (тақырып мәнін ашу)

2. Оқушыларды топқа бөлу. Денсаулық және Салауат тобы

3. Кіріспе.  Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір жолдауының ел болашағы үшін мәні зор. Соның ішінде денсаулық мәселесін айрықша назарға ұстап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» екендігін алға қойды.

     Елбасымыз «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты жолдауында нұрлы жол – бұл әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы ауқымды қадам.

Өркениет жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Халықтың дені сау болып тұрса, мемлекеттің де қадамы нық, келешегі кемел болары сөзсіз. Нұрлы жолға бағыттайтын саламаттылық-саулық кепілі, ал саулық-табысты болашақ болмақ.

Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1-бағыт: «Снюс  - балалар  өмірінің жауы »

2-бағыт: «Темекі мен араққа қарсы күрес»

3-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиян екені дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды заттар туралы тереңінен тоқталайық.

Снюс-жастар мен жасөспірімдер арасындағы жаңа "сәнді" сигареталардың аналогы. Алайда "аналогы" дегенмен ол "зиянсыз" дегенді білдірмейді. Снюс өте қауіпті, ол әдеттегі темекіден 7-10 есе улы және өте тез никотин тәуелділігін тудырады. Снюске психикалық және физикалық тәуелділік әдеттегі темекі тәуелділігінен әлдеқайда күшті. Түтінсіз темекіні пайдалану кезінде никотин мен басқа да заттар сілекейге бөлініп, бірден ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы қанға түседі. Снюстегі никотин мөлшері темекінің құрамына қарағанда бірнеше есе көп және бұл бала организмі үшін қауіпті дозасы. Снюсті пайдаланудан бас тарту-шылым шегуден бас тартуға қарағанда әлдеқайда қиынырақ.

ТҮТІНСІЗ ТЕМЕКІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ САЛДАРЫ

1. Снюсті тұтынған кезде ең бірінші ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданады, бастағы ауырлық, апатия, күрт сілекей бөлу және бас айналу түріндегі жағымсыз әсерлер пайда болады.

2. Ауыз қуысының, ұйқы безінің, өңеш пен өкпенің онкологиялық ауруларының дамуына әкелуі мүмкін.

3. Түтінсіз темекіні ұзақ уақыт пайдалану парадонтозға, тістің бұзылуына, ауыздан жағымсыз иістің пайда болуына, тахикардияға, гипертония, бедеулікке әкеледі.

4. Темекінің осы түрін пайдаланушыларда жоғары агрессивтілік және қозу немесе керісінше, апатия және эмоциялық дисфункция байқалады

5. Снюс когнитивті процестердің нашарлауына, жадының және назар аударудың бұзылуына әкеледі;

6. Сондай-ақ түтінсіз темекі ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін әлсіретеді.

7. Никотиннің артық дозалануы өлімге әкелуі мүмкін.

ЕГЕР СІЗГЕ БІРЕУ СНЮС ҰСЫНҒАН ЖАҒДАЙДА:

· Таныс немесе бөгде адам темекінің осы немесе басқа түрін ұсынса ешқандай жағдайда оның дәмін татып көруге келіспеңіз. Жанжалға түспей, сыпайы бас тартыңыз

· Егер сізге шайнайтын кәмпиттер ұсынылса, олардың шығу тегі мен қауіпсіздігіне сенімді болмасаңыз, жеуге асықпаңыз.

    

 «Денсаулық» тобы

Темекінің шығу тарихы және темекімен күресу жолдары қандай?

Оқушы: Үндістер меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді ішке тартып, соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы француз әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылығын тудырған.

Оқушы: Темекі Европа мен Азиға ХV ғ келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы  қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген. Ресейде темекі тарту – Петр І патшалық құрған кезден бастау алған.

Оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамдардың аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл өңеш, ауыз, кеңірдек тыныс жолдарын және бауыр қатерлі ісігіне тап болуы мүмкін.

Оқушы: Темекімен күресу жолдары:

- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан.

- І Петр темекіге салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.

- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.

Оқушы: ҚР – сының Білім беру және денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен 2002 жылы «темекі шегудің алдын – алу және шекпеу» туралы заң қабылданды. Онда кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тиым салынады делінген.

Видеофильм: «Снюс – теңдесіз жау»

Көрініс: Зиянды заттар

«Салауат» тобы

Арақтың зияны туралы

Оқушы: Маскүнемдік – алкогольдік ішімдік. Үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сініп кететін дерт. Ағзаның қызметін бұзып және тереңдей беретін кесел.

Оқушы: Соғыс уақытында наркоз болмаған кезде орнына спиртті пайдаланған.

Оқушы: Алкоголь ми қызметін бұзады. Алкоголь – ол наркотиктік у.

Оқушы: Алкогольдің елді қыратын қару екенін әлемді билегісі келген адамдардың бәрі білген. Мысалы: Гитлер 1942 жылы былай жазған: «Славяндардың санын азайту үшін ешқандай гигиена керек емес, тек қана арақ пен темекі».

Оқушы: Арақ- этильді спирт. Адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді. Арамдық қылмысқа итермелейді. Арақ ішкен адамның балалары дүниеге келгеннен кейін ақыл- есі  кем, ұмытшақ ауруға тап келеді.

Видеофильм «Шөлмек шырмауы»

Мұғалім: Белгілі шығыс философы Абдуль Фарадж адамның ішу барысын 4 кезеңге, сол кезеңді төрт жануарға теңеген екен.  


     1-ші кезеңін Павлин құсына теңеген. Себебі адамның жүрісі теңселіп, аяғын дұрыс баса алмайды. Павлин құсы сияқтанып кербезденеді.

     2-ші кезеңін маймылға теңеген. Адам айналасындағылармен жас ерекшелігіне қарамастан қалжыңдасып, келеке-мазақ болады.

    3-ші кезеңін арыстанға теңеген. Адамның бойын ішімдік жайлап алған соң, ол батылданып, өзін аң патшасындай қаһарлы сезінеді. Әркіммен бір төбелесе кетеді.

     4-ші кезеңін шошқаға теңейді. Адам тепе-тендікті сақтай алмай, шалшық суға құлап, нағыз шошқа кейпіне түседі. Сондықтан «қасықтап жинаған абыройыңды, шөміштеп төкпе» демекші, болашақ өз-өзімізді күлкі етуден сақтап, с.ө.с қалыптастырайық.

      Видеофильм  «Есірткі – қоғам дерті»

Ой-қозғау.  Оқушылар

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезмінің, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады.

Шығатын жолы біреу ол – салауаттылық өмір сүру. Өз сеніміңе берік болу.

  Мұғалім: Біздің елімізде 35 мың нашақорлар наркологиялық диспансерде тіркелуде. Алматыда «Нарконон» және «Ақниет» диспансерлік орталық жұмыс жасайды.

 Қазақстан Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады»

Елбасы жолдауында « ... есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз қоғам бола алмайды» делінген.

    Топтық жұмыс:

«Денсаулық» тобы. «Денсаулық және салауатты өмір салты» мәні


 «Салауат» тобы. «Зиянды заттар зардабы»

Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде ынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, атақ па, даңқ па?» - деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытқа кенелте алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ – деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық келілі – салауаттылықта ,балалар.

«Ыстық орындық» әдісі

Салауатты өмір салтына өз көзқарасың қалай?

    Мұғалім: Насыбай құрамы: темекінің жапырағы, тауықтың қиы, әктің суы, қарағаштың шайы, сексеуілдің күлі,-бәрі улы заттар адам ағзасына әсер етеді.

Жасөспірімдер әуелі олар өздерін үлкен санап, мықты жігітпін деп ойлап, сөйтіп насыбай қолданады. Екеуі де никотинге тәуелді. Темекі өкпеге түссе, насыбай ауыз қуысы арқылы қан тамырларына түседі. Насыбай атқандардың 80 пайызы адамдардың ауыз қуысы, асқазанда қатерлі ісіктер пайда болады.

«Тыныштық сәті» Нұрға бөлеу

   Мұғалім: - Балалар, денелеріңді  түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.                                                                                                                     

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық тапсырма

«Денсаулық»тобы

........................... баламыз

...........................даламыз

........................................

........................... баламыз

«Салауат» тобы

..........................күлеміз

.........................жүреміз

.....................................

.........................сүреміз

 

 «Аяқталмаған сөйлем» тренингі

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір...» атты дәйексөздің адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екендігін мағынасын ашып түсіндіру.

 «Көпір моделі»  Салауатты өмір сүруге қалай қол жеткіземіз?

1. Зиянды заттарды тастау арқылы

2. Достардың үгіті арқылы

3. Өмірге құлшыныс арқылы

3. Қажырлық, төзімділік арқылы

4. Спортпен шұғылдану арқылы

Ал енді балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай ой түйдік, өз ойларымызбен бөлісіп нәтижені  ескерейік. Адам өміріне қауіп төндіретін зиянды әдеттерден аулақ болайық.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.02.2020 17:54
Құрылған күні: 21.02.2020 12:24

Текст