"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Целиноград ауданы Нұресіл ауылы ЖОББМ ресурстық орталық бойынша бірінші сессия туралы ақпарат 2021-2022 оқу жылы

20.10.2021

Ақмола облысы Целиноград ауданы Нұресіл ауылы ЖОББМ ресурстық орталық бойынша бірінші  сессия  туралы ақпарат

                                     2021-2022 оқу жылы

         Жоспарға сәйкес, қазан айының төрті мен он бесі аралығында ресурстық орталықта  бірінші сессия өтті. Оған облыс және аудан бұйрығы бойынша бекітілген  Жаңа Жайнақ ауылы  ЖОББМ пен Мортық ауылы негізгі магнит мектептің  8 және 9- сынып оқушылары тартылды. Оқушыларды тасымалдау үшін жылы, әрі ыңғайлы автобус бөлінді. Ресурстық орталықта оқушылар екі рет тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

       Санитарлық талапқа сай оқушылар күнделікті медбике тарапынан тексеріліп отырды.

      Оқу блогы бойынша негізі пәндер өткізілді. Жаңа модификациялы лингафондық- мультимедиа кабинеті, физика, химия, биология, информатика кабинеттері мүмкіндігінше пайдаланылды. Жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер бойынша оқушыларды қызықтыратын тақырыптық зертханалық  және практикалық сабақтар өткізілді. Виртуалды зертхана негізінде оқушылар тарапынан  тәжірибелер жасалды.

    Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабақтары лингафондық- мультимедиа кабинетінде құлаққапты пайдалана отырып, өткізілді.

   Роботехника, лего құрастыру оқушылардың қызығушылығын оятты.

  Қол еңбегі бойынша қыздар өз қолдарымен түрлі әшекей бұйымдарды жасап үйренді.

     Спорттық іс – шараларға  белсене қатысты.

       Сыныптан тыс  Ыбырай Алтыпнсариннің 180 жылдығына арналған «Қазақтың алғашқы мектептері» және Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» атты  екі үлкен пікірсайысқа қатысып, өздерінің ой- пікірлерін ашық айтып, қорғай білді. Сарапшылар да спикерлерге оң бағасын берді.

   Сессия кезінде психолог тарапынан да жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.

   Сессия  соңында жиын өткізіліп, қорытынды жасалды. Белсенді оқушылар мадақтамамен марапатталды.

 

Ресурстық орталығының жетекшісі: Кульжанова С.Х.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.10.2021 12:54
Құрылған күні: 20.10.2021 12:54

Текст