"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гүлдене бер, Қазақстан!

04.12.2019

Тақырыбы: Гүлдене бер, Қазақстан!

Мақсаты: кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Қылқалам, бояу, Қазақстанның әсем жерлері бейнеленген коллаж.

Сөздік жұмыс: Отан, туған ел.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Психологиялық сәт:

-Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, көз алдымызға туып-өскен жерімізді елестетейік.

(Педагог өздері тұрған аймақтың көрікті жерлері туралы қысқаша түсінік береді.) Ал енді көзімізді ашайық.

Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен көз алдарына туған жерлерінің (қалаларының) көрікті жерлерін елестетеді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, енді тақтаға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?

-Қазақстан туралы, Қазақстан қалалары туралы қандай тақпақтар білесіңдер.

Қазақстан туралы тағы не айта аласыңдар? Біз қай жерде тұрамыз? Біз тұратын жердің көрікті орындарын айтып беріңдерші.

Балалар, болашақта Қазақстанның қандай болғанын қалайсыңдар? Соны суретпен бейнелеп көрейік.

(Балалардың суретті салуына басшылық жасалады, жеке көмек көрсетіледі.Мазмұнды сурет салуда балаларға нақты неден бастауға болатыны айтылады, балалардың қандай сурет салғысы келетіні анықталып , бағыт беріледі).

-Кәнеки, еліміздің астанасы-әсем қаламызды бейнелеп, сурет салуды бастайық. Көзге бірден түсетін, аса биік «Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз?Алдымен тік төртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке, төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап кетеді.Енді оның жоғарғы болігіне дөңгелек, яғни шар тәрізді, «жұмыртқа» саламыз, көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз. «Бәйтеректің» түсін өздерің таңдауларыңа болады, өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді.

-«Бәйтерек», «Хан шатыры», «Пирамида», «Хазірет сұлтан» мешіті. Балалар өздерінің білетін тақпақтарын айтады. Күннен-күнге көркейіп келе жатқандығы туралы т.б. Балалар музыка ырғағымен тақтадағы суретті үлгі ретінде қарай отырып,өздері сурет салады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық. Суреттер сендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.

Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: туған жердің кең-байтақ екені, өз елінің әсем жерлері мен ерекшеліктері туралы білімі кеңейеді.

Игереді: Көз алдына елестету арқылы сурет салу дағдыларын игереді.

Меңгереді: өз ойларын суретте жеткізе білуі, жұмысты орындаудағы тиянақтылығы мен ептілігі қалыптасады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.12.2019 14:27
Құрылған күні: 21.02.2020 12:28

Текст