"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе "Менің Тұңғыш Президентім"

15.12.2020

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Нұресіл ауылы орта мектебі

8 «А» сынып оқушысы

Темирханова Томирис

                                          

«Менің тұңғыш Президентім»

(эссе)

 1 желтоқсан   –  тұңғыш Президент күні.  Менің тұңғыш президентім- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан  атамыз  1940-ыншы жылы , 6 шілдеде құтты күнде Алматы қаласы, Қарасай ауданы, Шымтезек ауылында дүние есігін ашты. Ол кісі өте қарапайым  отбасынан шыққан адам. Әжесінің баласы болды, әжесі оны «Сұлтан»,- деп  атайтын еді. Әкесі момын , ақкөңіл адам болса, анасы мейірімді де, кішіпейіл кісі болған.

        Нұрсұлтан ата ең алғашқы ісін – Теміртау  қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болды. Осылайша көп жерде жұмыс істеп көтеріле  бастады. 1991-ыншы жылы  желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің  жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан атамыз  басым дауыс (98,78%) алып жеңіске жетті.  Отбасына келер болсақ,  аяулы жары – Сара Алпысқызы, 1992 жылы ақпаннан бастап,  Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы. Балалары: « Дариға,  Динара, Әлия»,- Назарбаевалар.

       Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының  жыл сайынғы Халыққа Жолдауы, үндеуі бізге күш-қуат, халықтың әл ауқатын, экономиканың нығайтылуын, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуын, халықтың IT  сауаттылығын жоғарылатуын, жастар үшін білімге деген құштарлығын кеңейтуін көздейді және соны жүзеге асыру үшін қаншама жұмыстар атқаруда. Елбасымыз жастарға ерекше көңіл аударуда. Себебеі, ел болашағы жастардың қолында екендігіне ел басының сенімі мол. Елбасымыздың  Жолдауы мен үшін - үлкен мақсаттарға жету үшін, атап айтқанда, мәдениет, білім, экономика,ғылым, әлеуметтік сала жағынан кең білуге мүмкіндік береді. Біз жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз, Елбасы үндеуі жолында аянбай еңбек етіп, білім алудамыз. «Жастар - Елбасының тірегі, Елбасы-елдің тілегі» деген сөз сондықтан шыққан болар.  «Төбесіз жер,төресіз ел болмайды”дегендей,бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол,тайғақ кезеңде,егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп,шекарамызды шегендеп,халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген,сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, Елімізге жаңа астана-Астана қаласын салып, айдай әлемге әйгілеген,халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз! Астана-Қазақстандықтардың мақтанышы болса,  ал бүгінде Бәйтерек- қазақстандықтардың символына айналып отыр.

        Елбасымыз біздің елімізді биікке, шыңға көтерді. Осы көтерілген еңсеміз ешқашан төменге түспесін! Нұрсұлтан атаның арқасында қалада түрлі әдемі ғимараттар  салынуда. Және де медицинамыз күннен-күнге дамып, артып келе жатыр. Қазір отанымыз  тыныш,  көрші елдермен тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп келеміз. Шүкір!  Нұрсұлтан  атамыз балдай тәтті балалардың да үлкен досы. Балалардың арманың орындап, қол ұшын беруде.  Мен өз  президентімді  мақтан тұтамын, әрі одан үлгі аламын! Менің арманым Нұрсұлтан ата  сияқты, елге пайдасы мол, қайырымды да, қамқор, ізгі ниетті, көзі түзу адам болу! Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін  зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін.Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін,туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін  мыңда бір рахмет айтамын.

       

 

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Нұресіл ауылы орта мектебінің

8 «А» сынып оқушысы

Тұрлыбек Дильназ

                                          

«Менің тұңғыш Президентім»

(эссе)

    Мен, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің азаматымын, жеке тұлғамын. Мемлекетіміз тәуелсіздік пен егемендікке ұзақ жылдар бойы ұмтылды. Осы жолда қаншама азаматтар құрбан болды.   

Мемлекетіміздің көркеюі мен гүлденуі жолында қыруар жұмыс атқарған тұлға туралы сөз қозғағым келіп отыр. Ол кісі менің атам Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Ұлтымыздың кемеңгер тұлғасы, мемлекетіміздің қайраткері яғни менің тұңғыш Президентім деп мақтана айтамын. Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында 1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Сәбиге ат таңдаудың өзі ерекше хикая болған екен. Нәресте дүниеге келген кезде тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтады. Ең соңында айтылған есімдерге көңілі толмаған жаңа туылған нәрестенің әжесі Мырзабала ұсыныс білдіреді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын» деген екен. Әжесі дүниеден озған кезде  ол небәрі бес жаста болған екен. Нұрсултан ата мектепте озат оқушы болған. Кішкентайынан бірнеше тілді жақсы меңгеріп, еркін сөйлеген. Асқақ арманы ұшқыш болу еді, бірақ отбасы жағдайына байланысты металургия саласын таңдап, алғашқы жұмысын бастаған.

      Қазіргі таңда біздің сүйіп оқитын пәніміз өзін өзі тануды мектеп бағдарламасына енгізген Сара Алпысқызы Назарбаева. Бұл пән бізге көптеген жақсы қасиеттерді үйренуге көмектеседі. Сара Алпысқызымен шаңырақ көтеріп, Дариға, Динара, Әлия атты перзенттерін тәрбиеледі. Қазақ халқының тарихы қайғылы да мұңды оқиларға толы. Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз тәуелсіздікті армандап, ғасырлар бойы жоңғар мен батыс әскерлерінен қорғап , қаншама қиындық пен азаптарды басынан кешірді.Қазір біздің еліміз елбасымыздың бастамасымен өркендеп ,  өсіп келе жатыр. Тәуелсіздікті алып, дамушы елдердің қатарына  еніп, нық сеніммен ілгері басуда. Әрбір тәуелсіз елдердегідей туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  танымайтын адам баласы жоқ шығар. Президент Нұрсултан Назарбаев  1 желтоқсан  «Қазақстанның Тұңғыш  Президентінің Күні» ретінде атап өтетін заңға қол қойды.  Осыған сәйкес  1 желтоқсан енді мемлекеттік  ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз бен жетістігіміз деп білемін. Мемлекеттік Конститутциямыз 1995 жылы қабылданды. Елбасы шет мемлекеттерге де барып, достық қарым – қатынас орнатты тынымсыз еңбек арқасында Қазақстанды әлемге таныта білді. Осы еңбегінің арқасында түркі елі ескерткіш орнатты, Иордания қаласында бір үлкен  даңғылға есімі берілді. Осы жағдайлар әлем алдындағы біздің елбасымыздың зор беделі.  1991 жылы 16- желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992 жылы  Мемлекеттік Рәміздер қабылданған жыл. 1993жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті.

Тәуелсіздік жылдарында қыруар іс атқарылды.Елордамыз Астанаға көшірілді. Жаңа тұрғын үйлер тұрғызылды, ауруханалар мен мектептер салынып, жастарға арналған әлемдік үрдістегі жаңа оқу орындары , түрлі зауыттар салынып, еліміздің экономикасына үлкен өзгерістер енгізді.

Н.Ә.Назарбаев қалың елі қазағына тебірене –«Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ, Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау  Президенттік те, перзенттік те парызым » деген болатын. Береке мен бірлік салтанат құрған, достық пен ынтымақ мекені – ол менің отаным Қазақстан. Мен өз болашағыма сенемін, мемлекетіміздің болашағына сенемін. Қорыта келгенде, Тұңғыш Президент елбасымыз Нұрсұлтан ата Назарбаевтың тың салиқалы саясаты арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, әлемге танылды. Тарихымыз түгенделіп дініміз қайта оралды.

Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген.

 Ақ ниетті халық деген данам бар- деген өлең жолдарын оқыған кезде Қазақ елінің табиғи байлығымен мәдени байлығымен де тең келер дүние жоқ деп ойлаймын. Қазіргі таңда, тәуелсіз елде еш уайымсыз, қайғысыз бақытты балалық шақ өткерудеміз. «Болашақ жастардың қолында» деген Елбасының үндеуі санамызда сақтаулы, сол үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып, озық технологияларды қолдана отырып, білімді ұрпақ болуға тырысамыз. Мемлекетімізді алдағы дамыған мемлекеттердің арасынан көру үшін, қазірден бастап білімді болу керек екенін санамызда сақтаймыз. Осындай ұлы да дана халықты басқарған, ұлы тұлға  Менің тұңғыш Президентімді әрдайым мақтан тұтамын. Мен осындай ұлы адамның мемлекетінде дүниеге келген перзенті болғаным үшін бақыттымын, марқаямын.
 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.12.2020 11:20
Құрылған күні: 15.12.2020 11:20

Текст