"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 маусым "Балаларды қорғау күні"

02.06.2019

Бүгін  1-маусым балаларды қорғау күніне орай  біздің ауданымызда болған іс-шараға  біздің Нұресіл ауылы орта мектебінен 7 және 8 сынып оқушылары қатысты.

        Шеруге бүкіл аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Шеру барысында оқушылар да таныстары мен туыстарын кездестіріп мәре-сәре қуанышқа бөленді.

       Шеруден соң концерттік бағдарлама тамашаладық. Концерттік бағдарлама өте қызықты  да  тартымды болды.

             Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Аудан әкімінің құттықтау сөздері де ұлағатты сөздері де балаларға ерекше ой салды.

       Салтанатты  жиын тамаша ұйымдастырылған, балалар өте үлкен қуанышпен мерекені  тойлағандары туралы бір-бірімен ой бөлісті.

             Жиын аяқталғаннан соң бүкіл шеруге қатысқан оқушылар аудандық мәдениет үйінде орналасқан мұражайды тамашалады. Мұражай   халқымыздың  өмірі мен тарихы туралы  мағлұмат берді. Мұражайдағы ескерткіштер мен жәдігер заттар өте жақсы орналастырылған.

      Балаларды қорғау күніне  арналған мерекелік іс –шара өте тамаша өтті.  



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 02.06.2019 17:44
Құрылған күні: 02.06.2019 17:47

Текст