"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қолма-қол ақшасыз төлемдер

ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың бастамасымен мектептерде балаларды тамақпен қамтамасыз ету нормалары қайта қаралды. «Балалардың дамуы үшін сапалы тамақтанудың маңызы ерекше. Бұл ретте балаларды тамақпен, ас мәзірімен қамтамасыз ету нормалары қайта қаралады. Бастауыш сынып оқушыларын бір жолғы ыстық тамақпен қамту жұмыстары жалғасады», - деді Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында.

Асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі, тамақ сапасын онлайн бақылау жүйесі енгізіліп, асханалардың материалдық-техникалық базасы жаңартылатынын айтты. Осыған орай Нұресіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебінде мектеп асханасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға кезең-кезеңімен көшу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп әкімшілігі ата-аналармен және сынып жетекшілерімен түсіндірме әңгімелер жүргізіп, «Буфет»  ақпараттық жүйесінің карточкалары бойынша мектеп оқушыларына түсініктемелер берді.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер балалар үшін қауіпсіз, өйткені ақшаны өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Қолма-қол ақшасыз төлем идеясы карта немесе мобильді қосымша арқылы төлеуді қамтиды. Мобильді қосымша ата-аналарға ақшаны бақылауға және баласының асханадан не алғанын  көруге мүмкіндік береді. Осылайша, тамақтану сапасын жақсарту жұмыстары мен оқушылардың ақшасын ұрлау, жоғалту фактілерін жою, мектеп тарапынан ата-аналарға кері байланыс орнату жұмыстарын нығайту жоспарлануда.

Жаңартылған күні: 30.11.2022 09:19
Құрылған күні: 02.12.2022 09:01

Текст